Колл-центр
1 Желтоқсан 2025 ж.
125 табиғи монополия субъектісі ЭКСЖ-ға арналған бірыңғай платформаны белсенді қолданады
3 қараша күні «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртуға» арналған ұлттық жобаның сатып алу бойынша бірыңғай электронды платформасы – meks.zakup.sk.kz іске қосылды.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 25 тамыздағы №313 бұйрығына сәйкес, электронды платформаның әкімшісі ретінде «Самұрық Қазына Контракт» ЖШС белгіленді.
Бұл электронды платформа табиғи монополия субъектілерінің сатып алуларына арналған. Ол Ұлттық жоба аясындағы сатып алу процестерін толық автоматтандыруға арналған кешенді жүйе.
Платформа іске қосылғаннан бергі негізгі көрсеткіштер:
- 2025 жылғы 3 қарашадан бастап тіркелген 125 қатысушы платформаны белсенді қолданып келеді;
- 13 әкімдік пен тарифтік реттеушінің 20 департаменті аналитикалық жүйеге қосылған;
- 142 жоспарланған табиғи монополия субъектісінің 92-сі платформаға тіркелген.
Платформа сатып алу қызметінің толық циклін - өтінім беруден бастап жеткізушіні анықтауға дейін қамтамасыз етеді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ЖАО, ЭМ, ТМРК, «ТКШ Қазорталығы» АҚ және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ белсенді қатысуымен модульдерді кезең-кезеңмен енгізіп жатыр.
Жауапты департаменттер күнделікті табиғи монополия субъектілерінен келіп түскен өтінімдерді қабылдап, қарау бойынша жұмыстарын жүргізіп отыр.