Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

24 Қазан 2025 ж.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Ashtrom компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді

ұлттық жоба, ЭКСЖ, Қанат Бозымбаев, - МЭКС

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда 60 жылдан астам тәжірибесі бар жетекші девелоперлер мен құрылыс салушылардың бірі –  израильдік Ashtrom компаниясының делегациясымен кездесті.

Компания Еуропада, Африкада, сондай-ақ Каспий өңірі елдері – Әзірбайжан мен Грузияда EPC және EPC+F модельдері бойынша жобаларды іске асырып, белсенді жұмыс істейді. Бұл форматтар «кілтпен тапсыру» жобалау мен сатып алудан құрылысқа дейін және қажет болған жағдайда қаржыландыруды ұйымдастыруға дейінгі жобаларды іске асыруды көздейді.

Кездесу барысында Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев Ashtrom өкілдеріне инфрақұрылымның тиімділігін арттыруға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жобаны таныстырды.

Израиль компаниясы Қазақстандағы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңарту және салу жөніндегі бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытты. Тараптар келіссөздер қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайын екендіктерін растады.