Қаз

8 Қазан 2025 ж.

ЭКСЖ Қоғамдық кеңесінің қызметі ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған

Қоғамдық кеңес, ЭКСЖ, Бозымбаев - МЭКС

Бүгін Астанада «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. 

Кеңес «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру кезіндегі іс-әрекеттердің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында құрылған. 

Отырыс барысында төраға мен хатшы сайланды, жұмыс регламенті бекітілді, Қоғамдық кеңес ережесінің жобасы мен 2025 жылға арналған жұмыс жоспары қабылданды.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысушыларға Ұлттық жобаны таныстырып, оның басым бағыттары мен мақсат-міндеттері туралы баянады. 

Ол Ұлттық жобаны 2025-2029 жылдары іске асыру жоспарланғанын еске салды. Оның айтуынша, жоба мынадай негізгі міндеттерді қамтиды:

- коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру үшін инженерлік желілердің тозуы мен апат қаупін төмендету;

- электр және жылу энергиясының тапшылығын болдырмау үшін генерациялаудың жаңа көздерін жаңғырту және салу.

«Осы міндеттерді шешу үшін қаржы институттарымен, соның ішінде халықаралық институттармен кездесулер өткізілді. Мамандардың қорытындысы бойынша кепілдік берілген тариф есебінен қаржыландыру тетіктері әзірленді. Жалпы, қаражатты қайтару тетігі де қарастырылған. Ұлттық жоба аясында импортқа тәуелділікті азайту және жаңа жұмыс орындарын құру үшін отандық өнеркәсіпті дамытуға ерекше назар аударылған», - деп премьер-министрдің орынбасары нақты айтты. 

Қазақстандықтарды, бизнесті және ТМС-ны ақпараттандыру үшін Ұлттық жобаның веб-сайты (modernization.kz), кеңес алу үшін байланыс орталығы құрылды. Сондай-ақ Ұлттық жобаға қатысушыларға арналған нұсқаулық-жадынама әзірленді, электрондық сатып алулар бойынша бірыңғай портал әзірленуде, «Монополист» тарифтік реттегіш базасымен интеграция үшін жұмыстар жүргізілуде. Олар құжаттарды қалыптастырудан бастап нысандарды пайдалануға беруге дейін бүкіл процестің ашықтығы мен бақылауды іске асыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Қоғамдық кеңес отырысында Жамбыл облысынан Сенат депутаты Бекболат Орынбеков пен Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов сөз сөйледі.

Барлық рәсім квазимемлекеттік сектор жанындағы қоғамдық кеңестерді бекіту туралы заңнамаға сәйкес жүргізілді.