Колл-центр
10 Желтоқсан 2025 ж.
ЭКСЖ аясында сумен жабдықтау және су бұру саласында 50 жобадан тұратын пул құрылды
Бүгінде 2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасыны техникалық операторы – «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ – жергілікті атқарушы органдар мен табиғи монополия субъектілеріне жобаларды дайындау және өтінімдерді дұрыс тапсыру бойынша тұрақты түрде кеңес беріп келеді.
«Түскен өтінімдер негізінде 50-ден астам инфрақұрылымдық жобадан тұратын пул құрылды. Қарағанды, Теміртау, Тараз қалалары бойынша кейбір нысандарға қатысты оң техникалық қорытындылар мен келісімдер алынды. Сонымен қатар, кейбір жобаларды қарау барысында мамандар жобалардың құнын оңтайландырды.
Мысалы, Қарағанды – Теміртау су құбырын қайта жаңарту жобасы бойынша өтінімді қарау кезінде гидравликалық есептеулер жүргізіліп, сорғы станциясы мен оған қатысты инженерлік инфрақұрылымды алып тастау арқылы жобаның құны шамамен 1 млрд теңгеге қысқартылды», - деп түсіндірді акционерлік қоғам өкілдері.
50 жоба бойынша жалпы желілердің ұзындығы 150 км-ден асады, сорғы станцияларының қуаты сағатына 40-тен 3000 м³-ке дейін, есептегіш құралдармен жабдықталу деңгейі – 66%, жүйелерді автоматтандыру деңгейі – 70% дейін, қамтылған абоненттер саны – 300 мыңнан астам адам.
Сумен жабдықтау және су бұру объектілерінің апаттылығын төмендету үшін қайта жаңарту жобалары Рудный қаласының 97 мыңнан астам тұрғынын, Балқаш қаласының 112 мыңнан астам абонентін, Қарағандыда 20 мың абонентті, Көкшетауда 43 мыңнан астам тұрғынды, Атыраудағы әрбір кәріздік сорғы станцияларының жобасы бойынша 140 абонентті қамтиды.
Бүгінде автоматтандыруды және цифрландыруды дамыту бойынша: Қарағанды, Тараз, Степногорск қалаларында SCADA-жүйелері, Лисаковск және Степногорск қалаларында ЭКЕАЖ, есептеу аспаптарымен жарақтандыру жобаларында NB-IoT жүйелері енгізілген және жұмыс істейді.
Дегенмен, кейбір өңірлердің қашықтан дерек жіберетін есептегіш құралдармен жабдықталу деңгейі әлі де төмен. Жобаларды іске асыру нәтижесінде пайдалану шығындарын төмендетуге, ресурстарды тұтыну бойынша есепке алуды арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға болады.