Қаз

1 Қазан 2025 ж.

ЭКСЖ аясында мемлекеттік бағалы қағаздар тетігі қарастырылған

ЭКСЖ, жаңғырту, ұлттық жоба, - МЭКС

Егер табиғи монополиялар субъектісі коммуналдық меншікте болса және оның акционері әкімдік немесе мемлекеттік орган болса, ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) тетігі көзделген. Бұл туралы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева айтты.

«Қаржыландыру тетіктері осы жылдың мамыр айында кеңейді. Бізде жергілікті атқарушы органдарға да субсидиялар қарастырылған. Яғни, субъект әкімдік арқылы жүгіне алады және әкімдік өз лимиттеріне МБҚ шығара алады. Осы құрал бойынша төрт өңір өтініш жасап, ақша ала алды. Жобалар негізінен жылыту жүйелеріне, сондай-ақ сумен жабдықтау саласына, сондай-ақ кейбір энергия тарату компанияларына қатысты болды», - деді ол.

МБҚ бойынша да субсидиялар қарастырылған. Бұл ретте, кепілдік пен кепіл талап етілмейді.

«Өйткені бұл буферлік аймақ, мұнда әкімдіктер әрекет етеді. Сондықтан мұнда қауіп-қатер үшін маржа белгіленбейді. Бірақ бір мәселе бар. Әкімдіктер бұл ақшаны шартты түрде жай ғана таратпауы тиіс. Табиғи монополиялар субъектілері арқылы қайтарым міндетті түрде болуы тиіс. Яғни, әкімдік өз бюджеті есебінен қарызды жаба алмайды. Ол ішінара Энергетика министрлігі арқылы немесе индустрия аясында МБҚ шығарылған Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы жүзеге асырылуы тиіс», - деп түсіндірді Әлия Мырзағалиева.

Әкімдіктер негізінен осы құрал аясында 10 жылдық және 15 жылдық қағаздар шығарады.

«Біз жалпы, қаржы институты ретінде қандай да бір бөлікті бөлуді ұсынамыз. Мысалы, 25% әкімдіктің бес жылдық қағаздары, 25% жеті жылдық қағаздар, 25% он жылдық қағаздар, қалған төртіншісі шартты түрде он бес жылдық болуы тиіс. Біз мұны неге ұсынамыз? Әкімдік негізгі қарыздың сомасын көп қарамауы үшін. Бірақ мұнда да купондық сыйақыны жартыжылдық немесе жылдық төлемдермен қалыптастыруды ұсынамыз. Сондай-ақ әкімдіктер мен ТМС-не ұзақ мерзімді өтеу құқығы ішінара берілуі мүмкін және әрі қарай олар субъектілермен бұл бөлікті пысықтауы тиіс. Әйтсе де кез келген жағдайда, жоба аясында жобаның қаржылық моделі мен бизнес-жоспарға сүйене отырып, бәрін жеке тәртіппен шешеміз», - деп нақтылады холдинг өкілі.