Қаз

30 Қыркүйек 2025 ж.

10 миллион «ақылды» есептеуіш: Қазақстанның коммуналдық секторы қалай жаңғыртылуда

ақылды есептеуіштер, ЭКСЖ, ұлттық жоба, - МЭКС

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова бірнеше отандық есептеуіш құралдарын өндірушілер және «Алматы су» мемлекеттік кәсіпорнында болды.

Вице-министрдің басшылығымен ТКШ цифрландыру жөніндегі жұмыс тобы электрмен, жылумен, сумен және газбен жабдықтау бойынша «ақылды» есептеу құралдарының қаншалықты қажет екенін талдайды. Сондай-ақ ішкі нарық пен қазақстандық өндірушілердің әлеуетін бағалайды. 

Алматыға сапар барысында технологиялық дайындықты, сертификаттау талаптарын және өндірістің ауқымдылығын нақтылау үшін кәсіпорындар тексерілді.

Енгізудің негізгі бағыттары:

• су, жылу, электр және газ желілерінде «ақылды» есептеуіштер мен датчиктерді жаппай орнату;

• деректерді бірыңғай базаға жинау және талдамалық өңдеу үшін ТКШ Smart Turmys бірыңғай цифрлық платформасына біріктіру;

• апатты оқиғалар кезінде жедел әрекет ету үшін технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне (ТПБАЖ) қосылу;

• тұтыну кезіндегі ағып кетулер мен ауытқуларды ерте анықтау үшін талдауды пайдалану;

• киберқауіпсіздікті және деректерді қорғау талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету.

Жоба аясында 10 миллионнан астам құрылғыны орнату жоспарланған. Бұл нақты тұтыну бойынша есептеулерге көшуге, азаматтар үшін ашықтықты арттыруға, даулы төлемдер санын азайтуға және коммуналдық желілерді басқарудың заманауи үлгілерін енгізуге мүмкіндік береді.

Бұдан қандай нәтиже болады:

• ақауларды жедел анықтау және оқшаулау, шығындар мен қаржылық шығындарды қысқарады;

• ТПБАЖ-мен интеграциялау және апат кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік артады және коммуналдық желілерді басқару жақсарады;

• есепке алу аспаптарының отандық өндірісін дамиды және жаңа жұмыс орындары құрылады.

Алматы кәсiпорындарын зерттеу нәтижелерi техникалық талаптар мен аспаптарды аттестациялау бағдарламасын әзiрлеу кезiнде ескерiледі. Жобаны кеңейту – пилоттық енгізу нәтижелеріне және экономикалық тиімділікті ескере отырып, кезең-кезеңмен жүргізіледі.