Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

4 Желтоқсан 2025 ж.

«ТКШ ҚазОрталығы» өндірісті жаңғырту үшін субсидия немесе грант беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды

өндіріс, субсидия, грант, ТКШ ҚазОрталығы, жаңғырту, ұлттық жоба, - МЭКС

Көптеген отандық тауар өндірушілерде қажетті өндірістік инфрақұрылым бар. Олар: жобалау-конструкторлық бөлімдері, оқу сыныптары, аккредиттелген зертханалар және ішкі сапаны бақылау қызметтері. «Силумин Восток», «Bohmer», «Nero Lab», «СТЗ Арыстан», «Сапа су», «YDA» және басқа да компаниялардың өндірістік алаңдары өз әлеуетін көрсетті. 

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Солтамбековтың айтуынша, ел ішіндегі құндылықтарды арттыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу қажет.

Ол үшін қауымдастықтармен тұрақты кездесулер өткізіледі, зауыттармен кооперация қажеттілігі туралы мәселе талқыланады.

Бүгінде резеңке-техникалық бұйымдар (төсемдер, сальниктер және т.б.) негізінен шетелден импортталады. Сонымен қатар, қазақстандық кәсіпорындардың электрондық өнім шығару бойынша мүмкіндігі жоғары. 

Импортты алмастыру әлеуеті жезден, тот баспайтын болаттан және алюминий қорытпасынан жасалатын корпустық бұйымдарды өндіру саласында бар. Кәсіпорындар бірлесе жұмыс істесе, отандық зауыттар резеңке-техникалық бұйымдарды сериялық өндіруді жолға қоя алады.

Өндіріс орындарын аралау барысында олардың әлеуеті жоғары екені байқалды. Дегенмен, бұл кәсіпорындарға стандарттау, қаржыландыру, тапсырыс берушілер мен өндірушілер арасындағы кооперацияны ынталандыру жағынан қолдау қажет. Сонымен қатар, ЭКСЖ жобаларына тендерлерге қатысу үшін қазақстандық өндірушілер тізіліміне енуді жеңілдететін шараларды күшейту керек.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында өндірістерді жаңғырту үшін субсидия немесе грант беру мүмкіндіктерін, өнім түрлерін кеңейтуге арналған жеңілдетілген несие желілерін қарастыру ұсынылады. Сонымен қатар, ел ішіндегі өндірістік үлесті арттыру үшін отандық өндірушілердің тауарлары санаттарына арналған балдық жүйені әзірлеп, бекіту қажет.