Қаз

22 Қыркүйек 2025 ж.

«Жайықтеплоэнерго» АҚ ЖЭО-да жөндеу жұмыстары қалай жүргізілуде

жайықжылуэнерго, ЭКСЖ, модернизация, - МЭКС

2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық желілерді жаңғырту» (ЭКСЖ) ұлттық жобасы аясында биыл жылумен жабдықтау нысандарын жаңарту бойынша жобалар пилоттық режимде іске асырылуда.

Батыс Қазақстан облысында -  «Жайықжылуэнерго» АҚ, Орал және Ақсай қаласында «Ақсайжылуқуат» МКК.

Жалпы облыс бойынша жылу желілерінің орташа тозуы – 31%. Болжам бойынша, 2025 жылы ол 30%-ға дейін, 2026 жылы – 29%-ға және келесі жылдары 27%-ға дейін төмендейді. 

«Жайықжылуэнерго» АҚ-да 2024 жылы тозу 50%, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ол 49,8%, 2026 жылы – 49,5%, 2027 – 49,2%, 2028 – 48,9%, 2029 жылы – 48,6%-ға дейін төмендейді. 

Жазғы мезгілінде нысандағы жылу желілерінің құбырлары ауыстырылды: Жұмағалиев /Фрунзе көшесі және ТК-1 – ден ТК-2-т/ж №68-70 дейін 6 шағын аудандағы ыстық сумен жабдықтау желілері.

Сонымен қатар, Урдинская көшесіндегі ТК2-ден ТК3-ке дейінгі аралықта, сондай-ақ Сейфуллин – Неусыпов көшелері бойында жылу желілерінің құбырлары ауыстырылып, қайта төселді.

«Жайықжылуэнерго» АҚ-ның ЖЭО-да №1 станцияға деаэратор орнату жұмыстары жүргізілуде.

Электр станциясының негізгі жабдықтарын жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес ст.№3 ПТ-8-35/10 турбоагрегатына күрделі жөндеу жұмыстары мердігер ұйым «ВК Промэнергоремонт» ЖШС тарапынан генератор статорының орам өзекшелеріңдегі оқшауламаны  зауыттық жағдайда ауыстыру жұмыстары іске асуда. 

«Жайықжылуэнерго» АҚ ЖЭО желілік сорғысын ауыстыру жүргізілуде СЭ- 1250 -140-11 №9 cт.

2025 жылдың қыркүйегінде №2 және №3 ст. түтін құбырларын күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық желілерді жаңғырту» ұлттық жобасы аясында «Жайықжылулоэнерго»АҚ жобаларын қаржыландыру әкімдіктердің облигациялық қарыздары (жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздары) есебінен жүзеге асырылады. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу «Бәйтерек» холдингінің «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы жүзеге асырылатын ұлттық жобада көзделген жаңа тетік. Мұндай тәсіл ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз етеді, бұл ретте сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін мемлекет субсидиялайды, бұл тұтынушылар үшін тарифтердің көтерілу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін:

«Жайықжылуэнерго» АҚ Батыс Қазақстан облысЫ әкімдігіне 100% тиесілі коммуналдық кәсіпорын. Оның құрамына бірыңғай басқару бойынша біріктірілген алты өндірістік бөлімше кіреді:

- жылу электр орталығы (ЖЭО);

- ГТО;

- жылу желілері;

- қазандық шаруашылығы;

- материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі;

- автокөлік учаскесі.

«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына, табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тізілімге енгізу және шығару туралы ережеге және ҚР РЕМ жөніндегі агенттігінің 2006 жылғы 15 тамыздағы № 31-НК бұйрығына сәйкес, кәсіпорын табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу жөніндегі мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген.

Электр энергиясын өндіру және өткізу – уәкілетті органның келісімімен жүзеге асырылатын, негізгі қызметпен технологиялық тұрғыдан байланысты, реттелмейтін өзге қызмет

Негізгі қызмет түрлері:

- Жылу және электр энергиясын өндіру және босату;

- Жылу энергиясын беру, тарату және өткізу.