Қ. Тоқаев: ЭКСЖ ұлттық жобасы Қазақстан инфрақұрылымын нақты жаңғыртуды қамтамасыз етеді

Тоқаев, жаңғырту, ұлттық жоба, - МЭКС

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы Қазақстанның инфрақұрылымдық қаңқасын жаңартудың басты құралдарының бірі болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында елдің экономикалық дамудың жаңа моделіне көшуі үшін бағдарламаның маңызы туралы мәлімдеді.

«Экономикалық дамудың жаңа моделіне көшу энергетикалық, инженерлік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды жан-жақты нығайтуды талап етеді. Бұл кез келген мемлекеттің тірегі және Қазақстан жалпы ережеден тыс қалмауы тиіс», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президент сондай-ақ жүйелерді кешенді трансформациялау үшін Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың ұлттық жобасы іске қосылғанын еске салды.

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың бұрын-соңды болмаған ұлттық жобасын іске қосу туралы шешім қабылданды. Жобаны жүзеге асыру үшін биыл бір триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланған. Шығын жағынан тиімсіз косметикалық «қасбеттерді жаңарту» орнына барлық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін нақты қайта құруға көшу жүзеге асырылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Анықтама: «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы республика бойынша 2029 жылға дейін іске асырылады. Жоба коммуналдық инфрақұрылымның тозуын 40%-ға дейін төмендетуге және апат қаупін 20% қысқартуға бағытталған.

Жазылыңыз МЭКС-тің ресми Telegram арнасына