ЭКСЖ Павлодар облысында коммуналдық инфрақұрылымды қалай өзгертеді?
Павлодар облысында жылу жүйесінің 90%-ы тозып, қыста жылусыз қалу қаупі жоғары болғандықтан, ауқымды жаңарту жобасы қолға алынды. ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында 9,7 миллиард теңгеге 6 шақырым су жаңа әрі жуан отандық құбырлар тартылды.
Нәтижесінде құбырлардың жылу өткізу мүмкіндігі сағатына 260 Гкал-ға артып, қала тұрғындары арасындағы жылу тапшылығы мәселесі толықтай шешілді.
Енді Павлодардың 124,5 мың тұрғыны, 600 көппәтерлі үй мен негізгі өнеркәсіп нысандары сапалы әрі тұрақты жылумен қамтамасыз етілді.