Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36
Басты бет Жаңалықтар Тараздағы КТҚ ЭКСЖ аясында ең көп капиталды қажет ететін жобалардың қатарына енді

23 Желтоқсан 2025 ж.

Тараздағы КТҚ ЭКСЖ аясында ең көп капиталды қажет ететін жобалардың қатарына енді

кәріз тазарту, жаңғырту, Тараз, Жамбыл облысы, ЭКСЖ, ұлттық жоба, модернизация, - МЭКС

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясындағы ең қымбат жоба – Тараз қаласындағы кәріздік тазарту құрылыстарын (КТҚ) салу болып отыр. 

Жобаны ұсынушы – «Жамбыл Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Құрылысқа жалпы құны 41,64 млрд теңге қажет. Жоба су бұрудағы инфрақұрылым саласына жатады және кәріз жүйелері мен ағынды суларды тазарту құрылыстарын жаңа технологиямен салуды көздейді.

КТҚ-ның бірінші кезектегі қуаты тәулігіне 80 мың текше метр болады. Бұл жобаны іске асыру Тараз қаласындағы кәріздік тазарту құрылыстарының болмауына байланысты туындаған өткір экологиялық және санитарлық мәселені шешуге бағытталған. Жоба ағынды суларды орталықтандырылған жинау және тазартуды қамтамасыз етуге, қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктемені азайтуға, өзендер мен су айдындарын ластамауға, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыруға арналған.