6 Қазан 2025 ж.
ҰЭМ: Коммуналдық тарифтер тұрғындарға артық салмақ түсірмейді

Бұл туралы Астанада өткен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын ақпараттық тұрғыда насихаттауға арналған медиатренинг барысында Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев мәлімдеді.
«Халыққа жүктеме тұрғысынан елімізде электр энергиясының жалпы өндірісі жылына 115-117 миллиард киловатт-сағат. Оның ішінде халықтың тұтынуы шамамен 12 миллиард. Жалпы, халық өндірілген электр энергиясының тек 10 пайызын ғана тұтынады. Ең басты тұтынушылар – заңды және ірі өнеркәсіптік компаниялар, ірі нысандар. Сондықтан бұл жүктеме халыққа артық салмақ түсірмейді», - деді ол.
Оның айтуынша, елімізде коммуналдық қызметтерді тұтыну мәдениетін арттыру қажет.
«Тұтыну мәдениетін әділ төлем арқылы реттеуге болады, дегенмен, бұл кезең-кезеңімен болуы керек. Жалпы, біз осындай шараларды қабылдаймыз. Тарифтер өзгереді, бірақ бәрі біркелкі болады», - деп сендірді вице-министр.
Оның айтуынша, Астана қаласында 4 жыл бұрын халық үшін тариф 1000 литр су үшін 44 теңге болған.
«Қазір ол 1000 литр үшін 94 теңге. Сіз су бағасының қаншалықты арзан, қолжетімді екенін ойлаңызшы. Ал қазір 100 теңгеге не сатып алуға болады? Ал бұл барлық стандартқа сәйкес тазартылған ауыз су», - деді Асан Дарбаев.
Ол сондай-ақ Қазақстандағы тарифтік саясаттың кезеңдеріне назар аударды. 2008-2015 жылдары «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы болды. Осыдан кейін тарифтер өзгеріссіз қалды.
«Халықтың есінде болса, пандемияға реттеуші бүкіл ел бойынша халық үшін тарифтерді шамамен 10%-ға төмендетті. Мұның да объективті себептері болды. Менің ойымша, бұл өте дұрыс және әділ тәсіл. 2022 жылы елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал азды-көпті өзгерген кезде, Жолдауда «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын енгізу қажеттігі жеткілікті түрде айтылды», - деп еске салды вице-министр.
Бұл алдыңғы бағдарламаға ұсқас емес, ол өзгертілді. Табиғи монополиялар субъектілерін реттеу тәсілдері түбегейлі өзгертілді.
«2023-2024 жылдарға арналған бағдарламаның нәтижесінде салаға 600 миллиард теңгеге жуық қаражат тартылды. Бұл, біздің ойымызша, жөндеу жұмыстарының көлемін ұлғайту үшін өте жақсы бастама. Осы кезеңде шамамен 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделді», - деді ол.
«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бюджеттік және тарифтік қаржыландыруға негізделеді. Қазіргі уақытта ЭКСЖ ұлттық жобасы ауқымды мүмкіндіктер береді. Себебі жоба аясында орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды тартуға мүмкіндік беретін қайтарылатын қомақты қаражат тартылуда.