Колл-центр
2 Желтоқсан 2025 ж.
Тұрмысы төмен азаматтарға берілетін тұрғын үй көмегі қандай шығындарды жабады?
Тұрғын үй көмегі аз қамтылған азаматтарға мынадай санаттар бойынша шығыстардың бір бөлігін өтейді:
· коммуналдық қызметтер: су, жарық, жылу, газ;
· тұрғын үйді және үй маңындағы аумақты күтіп-ұстау;
· күрделі жөндеу;
· байланыс қызметтері (мысалы, телефон үшін абоненттік төлем);
· мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысы.
Нені білу маңызды:
· көмек тек бір тұрғын үй-жайға ғана көрсетіледі;
· көмек жеке тұлғадан жалға алынған үйдің төлемдеріне қатысты емес;
· көмек коммуналдық қызметтерді нормативтен тыс тұтынуды жаппайды
· көмек тұрғын үй алаңының белгіленген нормаларынан асатын тұтынуды жаппайды.