Қаз

26 Қыркүйек 2025 ж.

Цифрландыру желілердің тозғанын анықтауға қалай көмектеседі

сумен қамту, Шымкент, цифрландыру, ЭКСЖ, - МЭКС

Шымкент қаласының «Су құбыры және канализация басқармасы» ШЖҚ МКК бас технологы Нұриддин Жарболов «Су инфрақұрылымын басқарудың жаңа үлгісіндегі цифрлық құралдар» атты республикалық семинар-кеңес барысында кәсіпорынның цифрлық трансформацияны енгізу бойынша тәжірибесін баяндады. Оның айтуынша, пайдалану қызметінен бастап - сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі активтерді басқаруға дейін цифрландыруға болады. 

Оның сөзінше, цифрландыру статистикалық талдау жүргізуге және өндірістік қызмет көрсеткіштерін синтездеуге мүмкіндік береді. 

«Алайда, іс жүзінде қордаланған мәселелерге тап болдық. Деректер шашыраңқы, жүйеленбеген, олар әртүрлі жерде сақталған. Жұмыс процесін баяулататын, қателесу қаупін арттырады қағазбастылық, құжат айналымы көп болады, ақылға қонымды шешімді қабылдау үшін қажетті кешенді талдау жоқ», - деп түсіндірді ол.

Салдарынан қажетті ақпаратты жоспарлы және жедел іздеу көбінесе қиындық тудырады, тіпті, кейде іздеу мүмкін емес. Ал мұның салдары активтерді басқару тиімділігін төмендетіп, апатты оқиғалар кезінде жедел әрекет етуге кедергі келтіреді. 

Шаһарда ГИС негізінде бірыңғай классификаторлар әзірленіп, бірыңғай деректер жүйесін құрудың негізі қаланды. Осы жүйеде әрбір бөлімше стандартталған анықтамалықтар мен бірыңғай форматтар аясында жұмыс істейді.

«Бұл жүйенің орталығында – ZuluGIS геоақпараттық жүйесі тұр. Ол бөлімдер мен кәсіпорынның процестерін біріктіретін интеграциялық платформа рөлін атқарады. Соның арқасында кеңістіктік және атрибуттық деректерді орталықтандырылған түрде басқару мүмкін болады», - деді Нұриддин Жарболов.

ГИС бірыңғай сенімді ақпарат көзіне айналуда:

·       Орталық диспетчерлік қызмет үшін (ОДҚ) – диспетчерлеу және мониторинг;

·       Пайдалану үшін – техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

·       Аналитика үшін – тұтыну статистикасы және жүйелердегі оқиғаларды талдау;

·       Жоспарлау үшін – жасанды интеллектті қолдана отырып, инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу;

·       Пайдалану тиімділігін бағалау үшін – энергетикалық және материалдық ресурстарды талдау.

«Осылайша, классификаторлардың болуы және бірыңғай цифрлық негіз барлық бөлімшеге тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. ГИС арқылы жұмыс істеу персоналдық компьютерден де, мобильді телефоннан да қолжетімді. Бұл маңызды оқиға, себебі бұған дейін цифрлық интеграцияның дамуына кедергі болды: интернет жоқ, компьютер жетпеді. Бұдан басқа да мәселелер шашетектен болды. Ал енді мәселенің бәрін шештік», - деді ол. 

Компания материалдарды қалай дұрыс пайдалану керегін көрсететін арнайы әдіс әзірледі. 

«Сонымен, мәселенің шешудің төрт әдісі бар. Олар: қысымды бақылау, проблеманы тез табу, жылдам әрекет ету, жөндеу және қалпына келтіру. Басқа жол жоқ. енді біз әр мәселеге терең үңіліп, шығынды азайту жолын қарастыра аламыз. Мәселені шешу жолдары бір жинаққа біріктірілді», - деді ол. 

Енді цифрландыру инфрақұрылымды пайдалануға келесідей септігін тигізеді:

• жұмыстың ашықтығын және болжамдылығын арттырады;

• шығынды азайтып, процестерді жеделдетеді;

• ұзақ мерзімді орнықты дамудың негізін қалыптастырады.

«Ең бастысы, одан тұтынушы неғұрлым сенімді және сапалы қызметтерді ала отырып ұтады», - деп қорытындылады коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның бас технологы.