Колл-центр
11 Қараша 2025 ж.
Сумен жабдықтау жүйелерін кибершабуылдардан қорғау үшін қандай шаралар қабылданды
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 25 тамыздағы бұйрығымен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ сумен жабдықтау және су бұру саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы болып белгіленді.
Бұл бұйрық Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-2-бабының 10-44) тармақшасына сәйкес қабылданған. Ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Бұл ұйымның салалық орталық болып тағайындалуы оның сумен жабдықтау және су бұру саласындағы аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымды үйлестіру және қорғау үшін жауапты болатынын білдіреді.
Ақпараттық қауіпсіздікке байланысты функциялар Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекіткен басқа да Қағидаларда егжей-тегжейлі сипатталған:
Орталықтың мақсаты – сумен жабдықтауға және су бұруға қатысты ақпараттық жүйелерде өңделетін ақпараттың құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету.
«ТКШ ҚазОрталығы» өз өкілеттілігі аясында келесі функцияларды атқарады:
- ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша үйлестіру және әдістемелік басшылық жүргізеді;
- сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары үшін бірыңғай қорғалған ақпараттық кеңістік қалыптастырады;
- қосылған ұйымдардан деректер жинайтын заманауи жүйелер арқылы қауіп-қатерлерге мониторинг жүргізеді;
- үш деңгейлі қауіп-қатер классификациясы бойынша қауіпті оқиғалар кезінде әрекет етеді – аса қауіптілерге 1 сағат ішінде, аса қауіпті емес деңгейдегілерге 24 сағат ішінде жауап береді;
- Бұдан басқа, Орталық криптографиялық қорғаудың сертификатталған құралдарын пайдалана отырып, байланыстың қорғалған арналары арқылы Ақпараттық қауiпсiздiктiң ұлттық үйлестiру орталығымен өзара iс-қимыл жасайтын болады.
Анықтама:
«Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын айқындау туралы» 2025 жылғы 25 тамыздағы бұйрық.