Колл-центр
7 Қараша 2025 ж.
Су есептегіш құралдарындағы көрсеткіштердің бұрмаланбауы қалай қадағаланады
Барлық ереже ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 295 бұйрығына сәйкес бекітілген.
Оларда қызмет көрсету туралы келісім қарастырылған: су тұтынушысы қашықтан дерек жіберу мүмкіндігі бар есептегіш құралын сатып алса, сол құралды бүкіл пайдалану мерзімінде техникалық қызмет көрсету үшін өндірушімен немесе оның ресми өкілімен келісімшарт жасауға міндетті.
Анти-араласу: есепке алу тораптарын, Ақпараттық-өлшеу жүйесін (АӨЖ) және Энергия тұтынуды автоматты есепке алу жүйесін (ЭТАЕЖ) заңсыз араласудан қорғау қарастырылған.
Есепке алудың бұзылуы: көрсеткiштердi бұрмалайтын құрылғылар табылған кезде қызмет көрсету көлемiн есептеу алдыңғы үш айдағы орташа шығыс бойынша жүргiзiледi және есепке алу аспабы кезектен тыс тексерістен өткізіледі.
Мониторинг: егер ақпараттық-өлшеу жүйесі арқылы алынған деректер мен есептегіш құралдың дисплейіндегі көрсеткіштер арасында айырмашылық болса, есеп айырысу кезінде есептегіштің өзіндегі көрсеткіштер негізге алынады.
Осылайша, бұл Ережелер коммуналдық есепке алу жүйесін жаңғыртуға бағытталған және заманауи, қорғалған әрі қашықтан басқарылатын есеп жүйелерін енгізуге қатысты жауапкершілікті барлық қатысушыларға, жеткізушілерге, құрылыс салушыларға және тұтынушыларға жүктейді.
Егжей-тегжейлі: Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі су есептеу аспаптары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 295 бұйрығында көрсетілген. ҚР Әділет министрлігінде 2025 жылғы 18 тамызда № 36616 болып тіркелген.