Қаз

25 Қыркүйек 2025 ж.

Шымкентте Ұлттық жоба аясында су жүйелеріндегі шығын 17,3%-дан 15,2%-ға дейін төмендейді

Шымкент, су ресурстары, ЭКСЖ, - МЭКС

Бұл туралы бүгін Шымкентте өткен «Су инфрақұрылымын басқарудың жаңа үлгісіндегі цифрлық құралдар» тақырыбында республикалық семинар-кеңес барысында «Су ресурстары - маркетинг» ЖШС бас директоры Анарбек Орман хабарлады.

Ол ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС барлық құрылымына SCADA жүйесін енгізуді жоспарлап отырғанын айтты. Оның сөзінше, қарамағындағы кәсіпорын 28 жыл бойы Шымкент қаласының және Сайрам ауданының 1,2 миллионнан астам тұрғынын сумен қамтамасыз етіп келеді. 

«Ендігі міндетіміз – үш жыл ішінде SCADA-ны кешенді автоматтандыру мен синхрондауды енгізу. Біз қазір осы мәселе бойынша жұмыс істеудеміз. Жергілікті автоматтандыру бар, бірақ оны сол жерде кешенді түрде басқару керек. Қазіргі кезде мемлекеттік сараптаманың қарауына жіберілген жобалау-сметалық құжаттаманы әзірледік. Менің пайымдауымша, 2026 жылдан бастап 2029 жылға дейін SCADA бағдарламасын толығымен енгіземіз. Біз адам факторынан арылуымыз керек. Сонда біздің барлық технологиялық технологиялар табысты жұмыс істейді», - деді ол. 

ЭКСЖ аясында кәсіпорында 157 км су құбыры желісі мен 110 кәріз желісін қайта құру жоспарланған. Бұл тозуды 15%-ға, ал шығын нормативтерін 17%-дан 15%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

«Ұлттық бағдарламаны іске асыру мақсатында Smart Metering және Smart Water бойынша тұтынушылардан, жеке тұлғалардан деректерді жинау құрылғыларын енгізу жоспарланған, үш жыл ішінде 100% қамтиды. 

«Ұлттық бағдарлама аясында Smart Metering және Smart Water жобаларын іске асыру мақсатында жеке тұтынушылардың үйіне деректерді автоматты түрде жинап, жіберетін құрылғыларды орнату көзделуде. Бұл әрекет үш жыл ішінде 100% іске асады. SCADA енгізу және электр энергиясын азайту биогаз технологиясының жұмысын жақсартады. Бұл сағатына қосымша 5 миллион киловаттқа жуық электр энергиясын алуға мүмкіндік береді», - деді Анарбек Орман.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов өз сөзінде Қазақстан Президенті ел халқына Жолдауында цифрландыру және жаңа технологияларды пайдалану – бұл тиімділікті арттыру құралы ғана емес, мемлекеттің тұрақты дамуының және азаматтарымызды жоғары өмір сүру сапасымен қамтамасыз етудің негізгі факторы екенін ерекше атап өтті.

«Шымкент – еліміздің үшінші қаласы, қарқынды дамып келе жатқан мегаполис үшін су ресурстарын тиімді пайдалану және заманауи басқару мәселелері ерекше маңызды. Халық санының өсуі, өнеркәсіптің дамуы, жаңа тұрғын үй кешендерінің салынуы – сапалы сумен жабдықтауды, тиімді кәріз жүйесін және ең бастысы сенімді инфрақұрылымды талап етеді. Біз әрине, бүгінде дәстүрлі сумен қамтамасыз ету тәсілдері жеткіліксіз екенін жақсы түсінеміз», - деді Шымкент әкімінің орынбасары.

Қазіргі заманғы сын-қатерлер, климаттың өзгеруі, тұтынудың өсуі, су ысырабын азайту қажеттілігі тың жаңа шешімдерді, жаңа тәсілдерді талап етеді. Сондықтан цифрлық технологияларды енгізу, басқару және мониторинг жүйелерін автоматтандыру бүкіл ел үшін маңызды болады.

«Біз цифрлық трансформация, жасанды интеллект жүйесін пайдалану, әрдайым желінің жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін ақылды датчиктерді енгізу – жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына көз жеткізіп отырмыз. Бұл президент айтқан жол, инфрақұрылымды ақылды басқару, ресурстарды үнемдеу, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жолы. Бүгінгі талқылау су саласын одан әрі дамытуға берік негіз қалайды және жалпы алғанда мемлекет басшысы қойған міндеттерді жедел жүзеге асыруға оң серпін береді деп сенемін», - деп Айдын Кәрімов сөзін түйіндеді.