Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

27 Қараша 2025 ж.

Салалар бойынша электрмен жабдықтау бағытындағы кәсіпорындардың белсенділігі жоғары

ЭКСЖ, электрмен жабдықтау, жаңғырту, ұлттық жоба, - МЭКС

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Солтамбеков «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында құрылған Қоғамдық кеңестің отырысында алдын ала есеп берді.

Оның сөзінше, қазіргі кезде сумен жабдықтау, су бұру, жылумен және электрмен қамту салалары бойынша 179 өтінім тіркелген. Бұл жобалардың жалпы алдын ала бағаланған құны шамамен 474 млрд теңге. Тiркелген өтiнiмдер қарастыру және бекiтудiң әртүрлi сатысында тұр.

«Ең алдымен, күрделі мәселелерді шешуге бағытталған жобаларға басымдық беріледі. Есептерді әрбір департаменттің жұмысы бойынша қарастыру ұсынылады. Қазіргі кезде сумен жабдықтау және су бұру жобаларын қарау департаментіне жалпы құны 130 млрд теңге болатын 34 өтінім түсті. Оның ішінде: сумен жабдықтау бойынша 33 млрд теңгеге 15 өтінім, су бұру бойынша 97 млрд теңгеге 19 өтінім. Жалпы сомасы 61 млрд теңге болатын 4 оң қорытынды берілді. Оның ішінде 52 млрд теңге болатын су бұру бойынша 3 жоба Өнеркәсіп және құрылысы министрлігімен келісіліп, Табиғи монополияларды реттеу комитетіне жолданды. Ал 9 млрд теңгелік бір жоба сумен жабдықтауға қатысты», - деді ол. 

Құжаттарды қарау барысында мынадай жүйелі мәселелер анықталды: жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 20 өтінім қажетті құжаттардың болмауына немесе өтінім формасының дұрыс толтырылмауына байланысты қайта қарауға жіберілді.

«Мәселен, кейбір өтінімдерде бастапқы деректер, яғни нысандардың тозуы мен апат қаупі барын растайтын құжаттар жоқ. Жалпы сомасы 19 миллиард теңге болатын 8 өтінім қаралу сатысында. Ал 4 млрд теңгелік бір өтінім өтініш берушінің тарапынан кейінге шегерілген. 14 млрд теңгелік бір өтінім жобаларды іріктеу талаптарына сәйкес келмегендіктен кері қайтарылды. Өйткені бұл жағдайда мердігер жұмысын бастап кеткені анықталды. Ол жұмыс 2024 жылы басталған, әрі нысан ТМС балансына да тіркелмеген», - деп түсіндірді Нұрлан Солтамбеков.

Оның айтуынша, ұлттық жоба уақытылы жүргізіліп жатыр және инфрақұрылымды жаңғырту аса қажет. 

«Сондай-ақ өңірлерге әдістемелік қолдауды күшейту қажет екенін байқадық. Енді жылумен және электрмен жабдықтау жобалары бойынша департамент атқарған жұмыстарға қысқаша тоқталсақ. Қазіргі таңда жалпы сомасы 360 млрд теңге болатын 151 өтінім қаралды. Оның ішінде жылумен жабдықтау бойынша 101 млрд теңгеге 34 өтінім, ал электрмен жабдықтау бойынша 259 млрд теңгеге 117 өтінім қаралды», - деді ол. 

Ұлттық жобаның өте белсендi қатысушыларының қатарында «Жамбыл электр желiлерi», «Қарағанды теплотранзитi» және «Павлодар ӨЭК» бар. 

Бүгінге дейін Энергетика министрлігімен келісіліп, Табиғи монополиялардың реттеу комитетіне 37 млрд теңгенің 37 қорытындысы жіберілді. Оның ішінде жылумен жабдықтау бойынша 22 млрд теңгенің 6 жобасы, электрмен жабдықтау бойынша 34 млрд теңгенің 31 жобасы бар.