Колл-центр
13 Сәуір 2026 ж.
Оралда ЭКСЖ пилоттық жобалары 5,8 млрд теңгеге қаржыландырылды
Орал және Батыс Қазақстан облысындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жақсартуға Орал қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясындағы пилоттық жобалар мүмкіндік береді. «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» бірден 4 жобаның 100% қаржыландырылғаны туралы есеп берді, деп хабарлайды ЭКСЖ жобалық кеңсесі.
БҚО әкімдігінің облигацияларын сатып алу есебінен толық қаржыландыру коммуналдық жүйелердің сапасын және тұрақтылығын арттыруға бағытталған төрт инфрақұрылымдық жобаны қамтыды:
· сорғы жабдықтарының қуатын арттыра отырып ПНС-20-ны қайта жаңғырту және диаметрі 300 мм су құбырын 500 мм-ге ауыстыру. Қазіргі тозу деңгейі 78,3%-ды құрайды:
· КНС-29-ды қайта жаңғырту. Орташа тозу деңгейі 79,6%;
· қаланың жерасты су тартуын кеңейту шеңберінде бес су тарту ұңғымасын салу;
· КНС-1 ғимаратын қайта жаңғырту. Тозу деңгейі 79,6% құрайды.
Жобаларды іске асыру күрделі тозған объектілерді жаңартуға және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің орнықтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Есептеулер бойынша, сумен жабдықтау жүйелерінің тозу деңгейі 60,4%-дан 59,9%-ға дейін, су бұру – 61,2%-дан 56,2%-ға дейін төмендейді.
ЭКСЖ аясында облигациялық тетікті пайдалану коммуналдық инфрақұрылымға ұзақ мерзімді инвестициялар тартуға және бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
«Осылайша, ЭКСЖ Ұлттық жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысының пилоттық жобаларын қаржыландыру аяқталды», – деп хабарлады «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ.
ЭКСЖ жобасын іске асыру тетіктерінің бірі – мемлекет қатысатын табиғи монополиялар субъектілері үшін «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның әкімдіктер облигацияларын сатып алуы, сондай-ақ жекеменшік табиғи монополиялар субъектілері үшін несиелерді субсидиялау.
Анықтама: «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы республика бойынша 2029 жылға дейін іске асырылады. Жоба коммуналдық инфрақұрылымның тозуын 40%-ға дейін төмендетуге және апат қаупін 20%-ға қысқартуға бағытталған.