Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

24 Қараша 2025 ж.

Монополистер ЭКСЖ аясында төлем тәртібін цифрлық құралдар арқылы жақсартпақ

жаңғырту, ұлттық жоба, цифрландыру, ЭКСЖ, монополистер, - МЭКС

ЭКСЖ ұлттық жобасының мақсаты – табиғи монополиялар қызметінің тиімділігін арттыру. Бұл туралы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Макка Шынғазиева айтты.

Оның айтуынша, ЭКСЖ ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында табиғи монополиялар қарыз қаражаттарын тартып, өз жұмыстарының тиімділігін және төлем тәртібін жақсартуға күш салып жатыр.

«Табиғи монополия субъекті несие алған кезде, ол міндетті түрде төлем тәртібін жақсартуы керек. Енді ол шығындармен және төлем жасамайтындармен күресуге мәжбүр. Ұлттық жобаның мақсаты – тек тозуды азайту емес, сонымен қатар табиғи монополиялардың жұмысын тиімді ету», - деді ол.

Осы мақсатта ЭКСЖ аясында цифрландырудың түрлі құралдары қарастырылған. Мысалы, су арналарында – суды тұтыну процесінен бастап есепке алу құрылғыларын енгізу жоспарланған.

«Басынан соңына дейін нақты есеп жүргізілуі тиіс. Тек осылайша ғана шығын көлемін анықтап, олармен тиімді күресуге болады. Компания шығындарды азайту үшін шаралар кешенін енгізуі тиіс», - деп түсіндірді Макка Шынғазиева.

 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Ұлттық жобаның техникалық операторы ретінде өңірлер бойынша компаниялардың қызметіне талдау жүргізеді.

«Елімізде коммуналдық төлемдерді жинау өсімі байқалады. Бүгінде ол табиғи монополиялардың барлық субъектілері бойынша орташа есеппен 98%-ға жетеді. Біз енгізгіміз келетін басты элемент – цифрландыру. Барлық төлемдер автоматты режимде, соның ішінде коммуналдық қызметтерді төлемеген жағдайда өндіріп алу құралдары да жүзеге асырылуы тиіс», - деп нақтылады басқарма төрағасының орынбасары.