Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

28 Қараша 2025 ж.

Мемлекет тұрғын үй көмегі ережелерін жаңартты: енді бәрі ашық және онлайн қолжетімді

тұрғын үй көмегі, өтінім, мемлекеттік көмек, тұрғын үй, - МЭКС

Тұрғын үй көмегі – бұл Қазақстандағы аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға арналған мемлекеттік төлем. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй, коммуналдық қызметтер және тұрғын үйді жалға алу шығындарының бір бөлігін өтеу.

Мемлекет әлеуметтік осал азаматтарды қолдайды және цифрландыру арқылы процестің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Тұрғын үй көмегін алу үшін өтініш беру процесі барынша жеңілдетілген және қолжетімді: egov.kz. порталы арқылы электрондық өтінім беруге болады. Бұл ретте өтініш беруші мен оның отбасы туралы нақты мәліметтер (жылжымайтын мүліктің болуы, тұрақты тіркеу, кірістер, банк шоты) мемлекеттік органдарға сұрау салу арқылы тексеріледі. Кірістер туралы деректер ақпараттық жүйелер арқылы тексеріледі.

Өтінімді тіркеу үшін отбасының кәмелетке толған мүшелерінен келісім алу қажет. «Әлеуметтік көмек» АСЖ-де белгіленген лимиттерді ескере отырып, нормативтік есеп жасалады, бұл шешім қабылдау процесін жылдам және ыңғайлы етеді.

Өтінімді тіркеу үшін отбасының кәмелетке толған мүшелерінен келісім алу қажет. «Әлеуметтік көмек» АСЖ-да белгіленген лимиттерді ескере отырып, нормативтік есеп жасалады, бұл шешім қабылдау процесін жылдам және ыңғайлы етеді.