Құны 10 млрд теңгеден асатын ЭКСЖ жобалары анықталды

электр энергиясы, жылу желілері, ұлттық жоба, жаңғырту, модернизация, - МЭКС

Бұл тізімге еліміздің әр өңірінен электр энергетикасы мен жылумен қамту салаларына қатысты бес жоба кіреді. Олардың қатарында:

1) «Астана – Өңірлік Электржелілік Компаниясы» ұсынған АҚ (Астана қаласы) ұсынған Көппәтерлі тұрғын үй қоры бойынша ЭКЕАЖ  жүйесін енгізу жобасы – құны – 39 763 млн теңге;

2) «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (Алматы облысы) ұсынған Электр энергиясын коммерциялық және техникалық есепке алу мен телемеханика құрылғыларының автоматтандырылған ақпараттық-өлшеу кешені жобасы – құны – 27 279 млн теңге;

3) «Солтүстік Қазақстанның тарату электр желілері компаниясы» АҚ ұсынған 35 кВ әуе желілерін (723 км) қайта жаңғырту жобасының құны – 28 671,90 млн теңге;  

4) «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС ұсынға 6-шы павильоннан ОН87-ге дейінгі М3 жылу магистралін қайта құру жобасы – құны – 16 892,86 млн теңге;  

5) «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС ұсынған ЖЭО-1 №7 БКЗ-160-100 ГМ қазандық агрегатын жаңғырту жобасы – құны – 15 888 млн теңге.

Жазылыңыз МЭКС-тің ресми Telegram арнасына