Қаз

7 Қазан 2025 ж.

Коммуналдық қызметтердің тарифі неден тұрады

коммуналдық тариф, ЭКСЖ, - МЭКС

Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жария ету бойынша Астанада өткен медиатренинг барысында айтты.

«Тариф дегеніміз не? Елімізде өндірістік кәсіпорындар саны айтарлықтай көп. Олардың барлығы шығынды әдіс бойынша жұмыс істейді. Шығынды әдіс – бұл шығарылған өнім көлеміне байланысты тікелей шығын. Табиғи монополиялар субъектілері де осындай қағида бойынша жұмыс істейді», - деп түсіндірді ол.

Тікелей шығындар тарифтің ¾ бөлігін немесе 75-76%-ын құрайды. Бірінші кезекте бұл стратегиялық тауарлар: көмір, газ, мазут.

«Көптеген салада жалақы қызметтің барлық құнының 20%-ын қамтиды. Мен мұны ақшаның ешқайда кетпейтінін түсіну үшін айтып отырмын. Басқа қызметтерден қаражат шикізат пен шығыс материалдарын сатып алуға төленеді. Бұл жерде ең маңызды нәрсе – даму экономикасына кететін тарифтің 24%-ы. Тарифте көрсетілген инвестициялардың осы көлемі ТКШ-дегі жағдайды түбегейлі өзгерте алмайтынын біз біраз жылдан бері байқап келеміз. Себебі инфрақұрылымның өзі капиталды көп және үлкен көлемде енгізуді талап етеді», - деді ол. 

Бұл 24% компанияларға желілер мен жабдықтарға қатысты жағдайды нашар қылмауға мүмкіндік береді.

«Күн сайын коммуналдық кәсіпорындар мен әкімдіктер табиғи тозуды болдырмауға тырысып келеді. Бұл ретте инфрақұрылымның табиғи тозуы 2-3%. Егер Астанада желілердің ұзындығы 100 километрден асса, қалыпты тозу – жылына 2-3 километр», - деді Ұлттық экономика вице-министрі.