Колл-центр
10 Желтоқсан 2025 ж.
Көкшетау, Рудный және Қарағандыда коллекторлар 60-90 пайыз тозған
Мұндай қорытындыға табиғи монополия субъекттерінен түскен өтінімдерді талдау нәтижесінде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ (ҚазТКШ орталығы) келіп отыр.
«Оң динамика болғанымен, өтінімдерді қарау барысында бірнеше жүйелі мәселе анықталды. Мәселен, бастапқы деректердің толық болмауы, желілердің әбден тозуы, кейбір қалаларда коллекторлардың физикалық тозу деңгейі 60-90%-ға жеткен (Көкшетау, Рудный, Қарағанды)», - деп түсіндірді АҚ.
Осыған байланысты апат, су басу және экологиялық залал қаупі бар.
Кейбір қалаларда автоматтандыру мүлде жоқ (Жітіқара, Арқалық, Рудныйдың кейбір нысандары).
Ағынды суларды есептейтін құралдар да орнатылмаған.
10-нан астам жоба бойынша бағаның көтерілуі, көлемнің дұрыс есептелмегені, есеп-қисаптың толық жүргізілмегені туралы ескерту берілді.
Табиғи монополиялар субъектілерінен ұсынылған ақпаратты ескере отырып, ресурстарды тұтынуды есепке алу жүйелерімен қамту деңгейі 60%-ға жетеді.
2025 жылы сумен жабдықтау және су бұру объектілерін жаңғырту және салу жобалары аясында Қазақстанның бірқатар өңірлерінде, соның ішінде Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Атырау, Жамбыл облыстары мен Астана қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді.
Цифрландыру және табиғи монополиялар субъектілерінің операциялық қызметіне автоматтандыруды енгізу – Ұлттық жобаның және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытудың басым міндеттерінің бірі.
Еске салайық, ТКШ ҚазОрталығы 2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының техникалық операторы.