Колл-центр
24 Сәуір 2026 ж.
Қоғамдық кеңес ЭКСЖ жобаларындағы қазақстандық қамту ауқымын бақылауды күшейтуге шақырды
Қарағанды облысында Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысында кеңес мүшелері ЭКСЖ жобаларындағы қазақстандық қамтуды бақылауды күшейтуге шақырды.
Отырыс алдында қатысушылар Теміртау мен Қарағандыдағы нысандарды аралады. Олар Теміртауда жаңартылған жылу магистралін тексеріп, тағы бір учаскедегі жұмыс барысымен танысты. Қарағандыда делегация «Қарағанды Су» ЖШС-нің су тазарту кешеніне және сорғы станциясы бар М2 жылу магистраліне барды.
Кездесу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері жобаларды жүзеге асыруға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.
Талқылауға Қоғамдық кеңестің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов, «Өңдеу өнеркәсібі одағы» ЗТБ атқарушы директоры Әсел Даңғылова, сондай-ақ қоғам қайраткері, еңбек сіңірген энергетик Петр Своик қатысты.