Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36
Басты бет Жаңалықтар ҚДБ ЭКСЖ жобасы аясында Жетісу облысының электр желілерін жаңғыртуды қаржыландырады

30 Наурыз 2026 ж.

ҚДБ ЭКСЖ жобасы аясында Жетісу облысының электр желілерін жаңғыртуды қаржыландырады

Жетісу облысы, ЭКСЖ, ұлттық жоба, электр энергиясы, - МЭКС

Қазақстанның Даму банкі мен «Талдықорған көлік-электр желісі компаниясы» АҚ 9,16 млрд теңге сомаға несие желісін ашу туралы келісім жасасты.

Қаражат Талдықорған, Үштөбе және Сарқан қалаларын, сондай-ақ Көксу, Қаратал, Ескелді, Кербұлақ және Ақсу аудандарын қоса алғанда, Жетісу облысының елді мекендеріндегі электр желілік инфрақұрылым объектілерін реконструкциялауға және жаңғыртуға бағытталатын болады.

ҚДБ Басқарма Төрағасы Марат Елібаевтың айтуынша, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту өңірлердің экономикалық өсуіне ықпал етіп, инвестиция тарту мен бизнесті дамытуды ынталандырады.

Жоба шеңберінде 2027 жылғы қаңтарға қарай түрлі кернеудегі 465 шақырымнан астам электр беру желілерін жаңартуды, кабель желілерін жаңғыртуды және екі негізгі қосалқы станцияны қайта жаңартуды аяқтау жоспарланып отыр. Жүргізілген жұмыстар электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырады және өңірдегі технологиялық ысыраптардың деңгейін төмендетеді.

ҚДБ үшін бұл «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қолдау көрсетілетін табиғи монополиялардың екінші субъектісі, ол жалпы халқы 1,5 млн адамнан асатын өңірлердің желілерімен ауқымды қамтуды қамтамасыз етеді.