Қаз

16 Қазан 2025 ж.

Қазақстандықтар отбасылық бюджеттің 0,88%-ын суға ғана төлейді

Сумен қамту, ұлттық жоба, жаңғырту, тариф, - МЭКС

«Бәйтерек «ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева холдингтің коммуналдық тарифтер шығынын талдау бойынша жүргізген нәтижелерінен мысал келтірді. 

«Мен тек су бойынша мысал келтірейін. Біз былтыр бір әр үйдің отбасылық бюджетінен су төлемдеріне қанша ақша кететініне талдау жүргіздік. Біз не байқадық? Сіз қалтаңыздан су үшін отбасылық орташа табыстың 0,88%-ын төлейсіз. Есептеу кезінде біз орташа отбасын алдық, яғни құрамында 3,5 адам бар деп есептедік. Егер бұл көрсеткіш 1,2% -ға жетсе де, бұл бәрібір аз», - деді ол.

Мырзағалиеваның айтуынша, суды тұтыну және үнемдеу мәдениеті сондай-ақ қаржылық сауаттылық мәселелері өте маңызды.

«Біз табиғи монополиялар субъектілеріне ақша неге ертең емес, бүгін арзанырақ екенін айтамыз. Көмір, мазут және өзге де отынды қоса алғанда, барлық стратегиялық тауарлардың бағасы өсуде. Біз қаржы операторы ретінде бес жылдық ақшамен 20 жылдық жобаларға қатысқымыз келеді. Бұл – өнер. Біз осындай құрылымдаумен айналысамыз», - деді холдингтің басқарушы директоры.

Ол сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде күрделі ғана емес, операциялық шығыстарды да ескеру маңызды екенін айтты. 

Алдағы 20 жылдағы перспективаны ескерсек, жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен гөрі, бір рет күрделі жөндеген тиімді. Сондықтан  кәсіпорындардың операциялық шығындарын азайту қажет», - деп түйіндеді Мырзағалиева.