Колл-центр
17 Қараша 2025 ж.
Қазақстанда энергиямен жабдықтау саласын цифрлық бақылау күшейтіледі
Қазақстанның энергетика саласында электр энергиясын есепке алудың ашықтығы мен сапасын арттыру бойынша жаңа шаралар енгізілуде. ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 344-н/қ бұйрыққа қол қойды. Бұйрық қолданыстағы Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына өзгерістер енгізеді.
Жаңашылдықтардың басты мақсаты – Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін бірыңғай мемлекеттік цифрлық платформаға қосу. Бұл бүкіл ел бойынша электр энергетикасына толық, үздіксіз және автоматтандырылған бақылауды қамтамасыз ету үшін жасалуда.
ЭКЕАЖ – бұл электр энергиясын өндіру, жеткізу және тұтыну туралы деректерді автоматты түрде жинайды. Енді бұл жүйенің рөлі айтарлықтай артады.
Негізгі жаңалықтар:
1. ОЭК басқарудың бірыңғай мемлекеттік цифрлық жүйесін құру
Алғаш рет «Отын-энергетикалық кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» жаңа ұғымы енгізілуде. Бұл барлық электр энергетикасы саласы бойынша деректерді жинауға, өңдеуге, талдауға және бақылауға арналған уәкілетті органның ақпараттық платформасы.
2. ЭКЕАЖ-ды мемлекеттік жүйемен міндетті түрде біріктіру
Электр энергетикасы саласында жұмыс істейтін барлық ОЭК субъектілері ЭКЕАЖ қолданыстағы аппараттық-бағдарламалық кешендеріне жаңа орталықтандырылған ақпараттық жүйемен қолжетімділікті ұсынуға және олардың интеграциялануын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Деректерді беруге қойылатын талаптарды қатаңдату
Үздіксіз мониторингті қамтамасыз ету үшін жаңа нормалар енгізіледі: электр энергиясын коммерциялық есепке алу деректері әрбір 15 минут сайын жинау құрылғыларына және одан әрі мемлекеттік Ақпараттық жүйеге берілуі тиіс.
Деректердi резервтеу: жүйе iстен шыққан кезде бiрнеше бес минуттық аралықта бiрден ақпараттың жинақталуын және кейiннен берiлуiн қамтамасыз етуi тиiс.
Бұл өзгерістер энергетика саласына не береді?
- Электр энергиясын есепке алудың дәлдігі мен сапасын айтарлықтай арттырады.
- Адам факторының ықпалын азайтады, себебі барлық үдерістер автоматтандырылады.
- Қазақстанның энергожүйесін бақылауға арналған біртұтас цифрлық платформа қалыптасады.
- Тұтынуды болжау, жедел басқару және апаттардың алдын алу мүмкіндігі пайда болады.
№344-н/қ бұйрығы – электр энергетика саласын орталықтандырылған және автоматтандырылған басқаруға көшу жолындағы маңызды қадам. Бұл Қазақстанның коммуналдық және энергетикалық салаларының цифрлық трансформациясының жалпы үрдісіне сәйкес келеді. Сонымен қатар «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асырудың бір бөлігі саналады.