Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда электр желілерінің тозуы жаңғыртудан кейін 65%-ға дейін төмендейді

22 Сәуір 2026 ж.

Қазақстанда электр желілерінің тозуы жаңғыртудан кейін 65%-ға дейін төмендейді

электр энергиясы, жаңғырту, модернизация, ЭКСЖ, - МЭКС

ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында 2025 жылы ондаған мың шақырым электр беру желісі жаңартылды. Жаңғырту айтарлықтай нәтиже берді: бір жылдың ішінде желілердегі апат деңгейі 13%-ға төмендеді, ал инфрақұрылымның тозуы 66%-ға дейін қысқарды.

Былтыр елімізде 17 мың шақырым электр беру желісі мен 420 қосалқы станция күрделі жөндеуден өтті. 2026 жылы жұмыстар тағы осынша шақырым электр желісін қамтиды.

Электр желілерін жаңарту ауқымы бойынша Ақмола (2,5 мың км), Павлодар (2,4 мың км), Жамбыл (1,8 мың км) және Ұлытау (1,8 мың км) облыстары көш бастайды.

Жөндеу жұмыстарының едәуір көлемі Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында - 1,1 мың км-ден, сондай-ақ Қостанай (731 км), Шығыс Қазақстан (756 км) және Түркістан (677 км) облыстарында жоспарланған.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыстар тиісінше 153 км, 264 км және 67 км желіні қамтиды.

Бұдан басқа, еліміз бойынша 444 қосалқы станция, 3,4 мың тарату пункті және трансформаторлық қосалқы станциялар жөнделеді.

Жаңғыртудан кейін елдегі электр желілерінің тозу деңгейі қосымша 65%-ға дейін төмендейді. Бұл өңірлердегі электрмен жабдықтау сапасын арттырады және жаңа маусымда апат пен технологиялық бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді.