Колл-центр
24 Сәуір 2026 ж.
Қарағанды облысының инженерлік «қаңқасы» күрделі жаңартуды талап етеді - желілер шекті жағдайда жұмыс істеуде
Қарағанды облысындағы энергетикалық және коммуналдық сектордағы желілерінің жалпы ұзындығы 34,6 мың шақырымнан асады. Бүгінде инфрақұрылымның басым бөлігі аса жоғары жүктемемен, өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеуде.
Ең жоғары тозу деңгейі су бұру жүйесінде байқалады - 75,3%, сондай-ақ электрмен жабдықтау саласында - 68,3%.
Жылу және сумен жабдықтау салаларында да жағдай мәз емес. Мұндағы тозу деңгейі 60,3% және 47,1%-ға жеткен. Осындай жоғары жүктеме кезінде жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуі жылыту маусымындағы басты факторға айналады.
Осы міндеттерді шешу үшін ЭКСЖ ұлттық жобасының аясында 2025 жылдан бастап өңірде бірқатар пилоттық жаңғырту жобалары іске асырылуда. Олардың қатарында жалпы құны 38,9 млрд теңгені құрайтын жылумен жабдықтау бойынша 5 жоба, сондай-ақ 15 млрд теңгеге су тазарту кешенінің негізгі ғимараттар блоктарын реконструкциялау жұмыстары да бар. Жылумен жабдықтау бойынша бір жоба аяқталды, қалғандары бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Соның ішінде 58,2 шақырым электр желілері мен екі қосалқы станцияны реконструкциялау бойынша 4 пилоттық жоба бар. Олар бойынша келісімшарттар жасалып, материалдар сатып алынуда; құрылыс-монтаждау жұмыстары биыл маусым айында басталады.
Бүгінгі таңда ЭКСЖ электрондық платформасында 522 жоба ұсынылған, оның ішінде 23 жоба Қарағанды облысына тиесілі (2026-2027 жылдарға арналған). Қазіргі уақытта 3 жоба «Іске асыруға дайын» мәртебесіне ие.
Биыл Қазақстан бойынша 8 табиғи монополия субъектісі, соның ішінде «Теплотранзит Қарағанда» кәсіпорны тозудың «қызыл аймағынан» «сары аймағына» өтеді деген жоспар бар.