Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

18 Қараша 2025 ж.

ЭКСЖ аясында жаңа өндірістерді іске қосу үшін офтейк-келісімшарттар жасау шарттары айқындалды

жаңғырту, ұлттық жоба, Офтейк-келісімшарт, - МЭКС

Қазақстанда әзірге елімізде өндірілмейтін тауарлар мен жабдықтарды шығаруды ынталандыруға бағытталған офтейк-келісімшарттар жасасу тетігі бекітілді. Офтейк-келісімшарттар жасасу (жаңа өндірісті ынталандыру) қажетті тауар немесе жабдық Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде болмаған жағдайларда (яғни оны әлі елде өндірмегенде) пайдаланылады.

Офтейк-келісімшарттың мақсаты – Ұлттық жоба қажеттіліктері үшін арнайы жаңа өндірісті іске қосуға дайын инвесторлар немесе өндірушілер үшін сату кепілдігін қамтамасыз ету.

Бұл үшін не істеу қажет:  

1. Электрондық платформа офтейк-келісімшарттар жасалуы тиіс тауарлар тізімін құрады және жариялайды.  

2. Қазақстандық тауар өндіруші немесе инвестор тапсырыс берушіге өтініш береді.  

3. Егер тапсырыс беруші (және Техникалық оператор) оң қорытынды берсе (тауар талаптарға және бағаға сай болса), офтейк-келісімшарт жасалады.

Бақылау: техникалық оператор қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерін қолдану және жаңа өндірістерді локализациялау мәселелеріне мониторингті және үйлестіруді жүзеге асырады.

Егжей-тегжейлі: Қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту және «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жоба аясында офтейк-келісімшарттар жасасу туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 344 бұйрығында көрсетілген. Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 қыркүйекте № 36805 болып тіркелген.