Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

3 Желтоқсан 2025 ж.

Енді тұрғын үй көмегі қалай есептеледі: бірыңғай лимиттер және бір адамға 18 шаршы метр

тұрғын үй көмегі, коммуналдық төлемдер, мемлекеттік қолдау, - МЭКС

Тұрғын үй көмегі отбасының нақты шығындарын өңірде белгіленген рұқсат етілген шығын үлесімен салыстыру арқылы есептеледі.

Есептеу формуласы: 

Тұрғын үй көмегі = Отбасының нақты шығындары (коммуналдық төлемдер, тұрғын үй мен аула аумағын күтіп-ұстау, күрделі жөндеу, жалдау ақысы және т.б.) – Рұқсат етілген шығын деңгейі.

Рұқсат етілген шығын деңгейі – бұл отбасының жиынтық табысынан пайыз түрінде есептелетін шек. Егер тұрғын үйге кеткен шығындар осы пайыздан асып кетсе, мемлекет артық бөлігін өтейді.  

Бұл пайыз мөлшерін жергілікті маслихаттар белгілейді.

 Ол отбасының жиынтық табысынан 5%-дан 10%-ға дейін өзгеруі мүмкін.

Рұқсат етілетін үлес мөлшерін мәслихаттар белгілейтіндіктен, көмек шарттары мен критерийлері әр аймақта әр түрлі болуы мүмкін. 

«Әлеуметтік көмек» ААЖ-де нақты өңірде коммуналдық қызметтерге белгіленген лимиттерді ескере отырып, нормативтік есеп жасау жүргізіледі.