Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36
Басты бет Жаңалықтар Елімізде 2026 жылы 300 км жуық сумен жабдықтау және су бұру желісі жаңартылады

2 Сәуір 2026 ж.

Елімізде 2026 жылы 300 км жуық сумен жабдықтау және су бұру желісі жаңартылады

су, жаңғырту, ЭКСЖ, ұлттық жоба, - МЭКС

Қазақстанда 2026 жылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 200 км сумен жабдықтау және 98 км су бұру желілерін жөндеу жоспарланып отыр. Бұл туралы мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен салалық форумда айтылды.

31 наурыздағы жағдай бойынша Ұлттық жоба платформасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша шамамен 460 жоба жинақталған. Олардың бір бөлігі су шаруашылығы секторын дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, жалпы сомасы 405,3 млрд теңгені құрайтын 142 жоба осы салаға тиесілі. Оның ішінде 84 жоба сумен жабдықтау, ал 58 жоба су бұру бағытында іске асырылуда.

Қазіргі кезде 5 жоба іске асыру сатысында болса, тағы 30 жоба бойынша мердігерлерді анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде. 

Сонымен қатар, салада тозудың жоғары деңгейі шамамен 81,69%-ды құрайды, ал су шығыны 20%-ға жуық. Бұл жаңғырту мүмкіндіктерін шектейді және инфрақұрылымды жаңарту қарқынын жеделдетуді талап етеді.

Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде 2026 жылдың соңына қарай тозу деңгейі шамамен 79,86%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.

Цифрландыру дамудың жеке бағытына айналуда. Есепке алу мен мониторинг жүргізудің заманауи жүйелерін енгізу онлайн режимде желілердің жай-күйін бақылауға және су шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Болжам бойынша шығындарды тіпті, 5-10%-ға азайту айтарлықтай экономикалық тиімділікті және саланы дамыту үшін қосымша ресурстарды қамтамасыз етеді.

Желілерді жөндеу жұмыстары ел өңірлерінде жүргізіледі. Сумен жабдықтау саласы бойынша жобалар Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында, Астана және Шымкент қалаларында іске асырылып жатыр. 

Су бұру саласында жобаларды іске асыру Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында, Астана және Шымкент қалаларында қарастырылған.

Жобаларды іске асыру әртүрлі қаржыландыру көздерін тарта отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі аясында жүзеге асырылады.

Еске салайық, аталған шараларды іске асыру көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерінің жұмысын тұрақты етіп қалыптастыруға бағытталған.

Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы