Колл-центр
8 Желтоқсан 2025 ж.
ЭКСЖ үшін тауарлар өндірісі бойынша пилоттық жоба бес қалада жүзеге асырыла бастады
Олардың қатарында – Астана, Қосшы, Петропавл, Текелі, Талдықорған және Ақтөбе бар.
2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жобаның техникалық операторы «ТКШ ҚазОрталығының» мәліметінше, бұл бағытта Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, есептегіш құралдарды шығаратын отандық өндірушілер және байланыс операторларымен жұмыс бабы бойында бірқатар кездесулер өткізілген.
Нәтижесінде мыналар анықталды:
- деректерді қашықтан беретін есептегіш құралдарын сериялы өндірудің мүмкін көлемі;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты цифрландыру талаптарына сай техникалық сипаттамалар;
- тұрақты байланыс арналарының параметрлері (NB-IoT, LoRaWAN және т.б.);
- деректерді беру және өңдеу кезінде ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар.
Анықталған қажеттілікке және техникалық қорытындыларға байланысты «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларына» мыналарды көздейтін өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жалғасуда:
· есепке алу аспаптарына қойылатын техникалық талаптарды нақтылау;
· байланыс құралдары үшін міндетті сипаттамаларды белгілеу;
· ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде беру кезінде деректерді қорғау жөніндегі талаптарды енгізу;
· нормаларды отандық өндірушілердің мүмкіндіктері деңгейіне келтіру.
Қазіргі уақытта бұл өзгерістер бойынша ұсыныс Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және ТКШ істері комитетінде келісу кезеңінде.
Бұдан басқа, Техникалық оператор ӨҚМ, ҰЭМ ТМРК және «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ-мен бірлесіп, Program-for-Results Financing (PforR) бағдарламасы шеңберінде Дүниежүзілік банкпен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Қосымша Астана, Қосшы, Петропавл, Текелі, Талдықорған және Ақтөбе пилоттық қалаларында аспаптандыру, автоматтандыру және цифрлық инфрақұрылым құру жөніндегі жобаларды іске асыруға қаржыландыруды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бағдарламада алдын ала белгіленген нақты көрсеткіштерге (DLI) қол жеткізу көзделген, бұл жобаларды кезең-кезеңімен қаржыландыруға және қаржыны нақты нәтижелерге қарай бөлуге мүмкіндік береді.