Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

30 Қазан 2025 ж.

Мемлекеттік субсидиялар ЭКСЖ үшін қарыздарды арзандату құралы

ұлттық жоба, субсидия, жаңғырту, - МЭКС

Осы мақсатта арнайы Ережелер қабылданды, бұл энергетикалық және коммуналдық секторларды (ЭКСЖ) ауқымды жаңғыртуға қажет қаржыны тартуды негізгі ұйымдар үшін қолжетімді әрі арзан етуге бағытталған. Бұл міндет мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсету – субсидиялау арқылы жүзеге асырылады.

Олар қарыздарды арзандатуға бағытталған және табиғи монополиялар субъектілері (ТМС) ЭКСЖ аясында жобаларды іске асыруға қарыз алу тәртібін белгілейді. 

Субсидиялау – бұл мемлекеттік қаржылай қолдаудың бір түрі. Ол ТМС ұйымдарының банктерге, халықаралық қаржы ұйымдарына немесе «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-қа несие үшін төлейтін сыйақысының (пайызының) бір бөлігін өтеу мақсатында беріледі.

ТМС сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 10%-ын өзі төлеуі тиіс. Егер қарыз бойынша нақты мөлшерлеме жылдық 10%-дан асып кетсе, онда айырмашылық субсидия есебінен өтеледі.

Субсидиялау берілетін ең ұзақ мерзім 20 жылға дейін. 

Ал алынған несие қаражаты тек құрылыс-монтаж жұмыстары, жобаны басқару шығындары, авторлық және техникалық қадағалау қызметтері, сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген басқа да шығындарға орнымен жұмсалуы керек.