Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

19 Қыркүйек 2025 ж.

ЭКСЖ ұлттық жобасының электронды платформасы тауар өндірушілердің қолданыстағы ақпараттық жүйелерімен біріктірілген

ОТӨ, ЭКСЖ, жаңғырту - МЭКС

Бұл  туралы Астанада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы: қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер» тақырыбында өткен конференция барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлімдеді.

«Отандық тауар өндірушілерден тауар сатып алу процесіндегі жаңашылдық – Ұлттық жобаның электрондық платформасының ақпараттық жүйелермен біріктірілуі болып отыр. Бұл – Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі мен Жобаларды кешенді сараптаудың бірыңғай порталы. Бұл жүйелердің көмегімен платформаға нақты өндірушілер туралы тексерілген ақпарат беріледі, ал сараптама порталы арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарына қажет тауарлар туралы нақты деректер жүктеледі», - деп түсіндірді ол.

«Бұл жағдайда Тізілім платформаға нақты өндірушілер туралы тексерілген мәліметтерді ұсынады, ал Бірыңғай портал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының жобалық-сметалық құжаттамасына енгізілген тауарлар бойынша толық деректерді жүйеге жүктеуді қамтамасыз етеді», - деді нақтылады ол.

Жүйе тауарлардың СҚҚК-3 кодтарына сәйкес автоматты түрде отандық тауар өндірушілерді іріктейді. Нәтижесінде, өнімнің талаптарға сай келетін расталған соң, мердігер ұйым мен отандық өндіруші арасында жеткізу шарты жасалады.

«Өндірушілері жоқ тауарлар үшін Qazindusry ұсынған министрлік жаңа өнімдерді шығару үшін қолданыстағы отандық өндірушіні (ОТӨ) кеңейту және жаңғырту бойынша үзіліс шартын жасасумен айналысады. Егер елімізде өндіруші мүлдем болмаса, онда Kazakh Invest пен QazIndustry тарапынан инвесторлар немесе қолданыстағы ОТӨ-лер іріктеледі», - деді Олжас Сапарбеков.

Оң келісімдерден кейін агенттік тапсырыс беруші (ТМС, EPC-мердігері, консорциум), техникалық оператор (Kazcenter ТКШ) және жобаның бастамашысы (ОТӨ, инвестор) арасында үш жақты сатып алу келісімшартын жасасуды ұсынады.

Әрбір келісімшарт қатысушысына тиісті міндеттемелер жүктеледі:

-          Табиғи монополия субъектісі (ТМС), ЕРС-мердігер, консорциумына – тауарлардың кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету міндеттемелері;

-          Техникалық операторға – тапсырыс беруші мен жобаны бастауыштың міндеттемелерінің орындалуын қадағалау;

-          Инвестор, отандық тауар өндірушіге (ОТӨ) – жобаны белгіленген мерзімде іске асыру және талапқа сай сапа мен келісім бойынша қажетті тауарды өндіру.

«Осы аралар арқылы біз отандық тауар өндірушілерді барынша жүктеп, Ұлттық жоба аясында жаңа өнім түрлерін ел аумағында өндіруді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде «СТ-КЗ» және Өнеркәсіптік сертификаттардың орнына Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі енгізілетін болады.

«Тізілімді енгізу арқылы нақты өндірушілерді анықтауды, салалық қолдаудың мақсатын жақсартуды және оны цифрлық тексеруге арналған 90 мемлекеттік деректер базасымен біріктіруді жоспарлап отырмыз. «Тізілім енгізілуімен нақты тауар өндірушілерді дұрыс анықтау, саланы мақсатты түрде қолдау деңгейін арттыру, сондай-ақ цифрлық тексеріп, анықтау үшін 90 мемлекеттік деректер базасымен интеграция жоспарлануда. Қазіргі таңда заң Президент тарапынан қол қойылып, оған қатысты нормативтік актілер дайындалды. Сонымен қатар, Тізілімнің автоматты жүйесінің үш модулінің пилоттық нұсқасы құрылып, алдын ала оқытылған Logistic Regression моделі арқылы 769,5 мың субъектінің скорингі жүргізілді», - деді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі.

Сондай-ақ жүйе 36 отандық тауар өндірушімен бірге тестілеуден өтуде. Биыл қазан айында жүйені пилоттық (сынақ) режимде іске қосу жоспарланып отыр.

Тізілім – қолданыстағы көптеген тізілімдер мен сертификаттардың орнына ОТП туралы ақпаратқа бірыңғай қолжетімділік нүктесін құруға мүмкіндік береді.