Колл-центр
9 Желтоқсан 2025 ж.
ЭКСЖ жобасына қатысушылармен жұмыс істеу үшін байланыс орталығы құрылды
2025 жылы 23 қыркүйекте іске қосылған бұл орталық ЭКСЖ ұлттық жобасына қатысушыларға жедел кері байланыс беру мақсатында жұмыс істейді.
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Солтамбековтың айтуынша, орталық іске қосылған сәттен бастап 120 өтініш тіркелген. Ал қараша айында 108 өтініш қабылданып, пайдаланушылар белсенділігінің күрт артқаны байқалды.
Өтініштердің басым бөлігі платформада тіркелу мәселелеріне байланысты. Байланыс орталығына тіркеу мәселелеріне қатысты 82 өтініш келді. 17 өтініш жұмыс кезіндегі рөлдер бойынша әдіснамалық түсіндірулерге қатысты, тағы 11 өтініш қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне байланысты болған.
Тіркеу кезінде жиі кездесетін техникалық мәселелерге мыналар жатады:
- ұйымдар мен жеке тұлғалардың ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы кіргенде қате шығуы,
- электрондық поштаның дұрыс көрсетілмеуі,
- растау кодын алу қиындықтары,
- жүйенің «техникалық әкімшіге жүгініңіз» деген хабарламасы,
- тіркеуді бірнеше рет қайталағанда аккаунттың бұғатталуы.
Аймақтар бойынша ең көп өтініш Астанадан – 40, Қарағанды облысынан – 15 өтініш түскен.
Еске салайық, «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша кеңес алу үшін мына нөмерге хабарласуға болады: +(7172) 99-94-36.
ЭКСЖ аясындағы барлық жұмыс бірыңғай электрондық платформа арқылы жүргізіледі, оның әкімшісі болып «Самұқ-Қазына Контракт» ЖШС тағайындалған.