Колл-центр
27 Қараша 2025 ж.
ЭКСЖ жобасына қажет 6,2 трлн теңге электр қуаты нарығынан тартылады
Бұл қаржының қалай бөлінетінін Қоғамдық кеңес отырысында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев түсіндірді.
«Ұлттық жобаны жүзеге асыруға тартылатын жалпы 13 триллион теңге сомасына келсек, бұл қаражат екі бөлікке бөлінеді. Оның 6,2 трлн теңгесі электр энергетикасы саласына қатысты және қуат нарығы арқылы, яғни тариф есебінен жүзеге асырылады. Бұл қарыз қаражаты емес. Екінші құраушы – 6,2 триллион теңге, ол «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінен келеді. Бұл «Бәйтерек» тартуды жоспарлап отырған қаражат көлемі», - деп түсіндірді ол.
Монополияға қарсы орган басшысы ұлттық жобаның басты артықшылығы – жаңғырту жұмыстарына ұзақ мерзімді, арзандатылған қаржы тартуға мүмкіндік болатынын атап өтті.
«Егер біз бүкіл соманы бірден қарызсыз тарифке қоссақ, мысалы, Лисаковск қаласына 300 млн теңге қажет болса, бұл тарифті 5-7%-ға дейін көтеріп жібереді. Өйткені қалада тұтынушылар саны аз. Ал егер бұл қаржыны несие арқылы тартсақ, ол 10 жылға 15-17% мөлшерлемемен беріледі. Бірінші жылы төлемге жеңілдік беріліп, тек 10%-ы ғана тарифке қосылады. Сонда тарифке әсері небәрі 1,1% болады», - деді Тимур Қосымбаев.
Ұлттық жобаға енгізілге тәсілдер тұтынушыларға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
«Тарифтің өсуі әрине, сөзсіз болады. Бұл жерде біз тарифті халыққа немесе заңды тұлғаларға бөлмейміз. Тариф барлық тұтынушылар санатына бірдей әсер етеді», - деп қорытындылады Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы.