Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

6 Қараша 2025 ж.

ЭКСЖ жобаларының қаржылық тұрақтылығы қалай анықталады

қаржыландыру, ұлттық жоба, ЭКСЖ, - МЭКС

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыруға немесе субсидиялауға үміткер табиғи монополиялар (ТМС) субъектілері үшін қаржылық тұрақтылықтылығын бағалау критерийлері белгіленді.

Бұл талаптар 2025 жылы 4 қыркүйектегі №88 Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген табиғи монополия субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидаларында көрсетілген (Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 қыркүйекте №36799 тіркелген).

Құжатқа сәйкес, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ атынан қаржы операторы өтінімдерді жеті жұмыс күні ішінде техникалық, қаржылық және заңдылық өлшемдер негізінде қарайды.

Негізгі қаржылық талаптар:

  • проблемасының болмауы: ТМС-да банкроттық белгілері, сондай-ақ кредиторлар немесе мемлекеттік бюджет алдындағы мерзімі өткен міндеттемелер болмауы тиіс;
  •  тарифтен қайтару кепілдігі: қаражат тарту үшін (ЖАО облигациялары арқылы да, тікелей кредиттеу арқылы да) тариф қарыз және негізгі борыш бойынша сыйақы мөлшерлемесінің кемінде 10%-ын жабатынын растайтын қаржылық модельдің болуы қажет.

Бұл ретте, іс-әрекетті жеделдету үшін қаржыландыру көздерін жылдам іздеу тетігі қарастырылған. Ол 10 жұмыс күнінен аспайды. Қаржы операторы еншілес ұйымдарға (атап айтқанда, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ) және басқа да қаржы институттарына сұрау салулар жібереді.

Қаржыландыруды жедел іздеу 10 күнді қамтиды.

Жаңа ережелер әлеуетті инвесторлардан жедел кері байланысуға мүмкіндік береді:

  • позицияларды сұрату: қаржы операторы еншілес ұйымдарға (мысалы, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ немесе «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ) және қаржы институттарына сұрату жібереді.
  • аз уақыт: қаржы институттары 10 жұмыс күні ішінде жобаны қаржыландыру мүмкіндігі туралы өзінің алдын ала позициясын ұсынуы тиіс.