Колл-центр
30 Қазан 2025 ж.
ЭКСЖ жобаларында үш сатылы тексеру жүйесі енгізілді
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жобаларын іріктеудің ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін өтінімдерді тексерудің үш сатылы тетігі - «үш сүзгі» енгізілді. Талаптар Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 297 бұйрығында жазылған, ол жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, мониторингілеу қағидаларын бекітеді және жобалардың бүкіл өмірлік циклін реттейді.
Бірінші кезеңде Табиғи монополиялар субъектілері (ТМС) өтінімдерді электрондық платформада орналастырады.
Екінші және үшінші кезең іріктеу мен бастапқы келісуді қамтиды.
Бұл кезеңде жоба оның негізділігін, қаржылық тұрақтылығын және тарифке әсерін тексеру үшін «үш реттік сүзгіден» өтеді.
1. Техникалық оператордың тексеруі: Техникалық оператор («Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ) 14 жұмыс күні ішінде жобаны кешенді ұпай бойынша бағалау жұмыстарын жүргізеді.
Жоба келесі бағыттар бойынша бағаланады:
- Қажеттілігі – жобаның әлеуметтік және экономикалық жағынан маңызы бар ма.
- Негізделуі – жоба жүзеге асқанда жүйелердің немесе құрылғылардың сапасы, тиімділігі жақсара ма.
- Басымдылығы – жабдықтар мен желілер қаншалықты ескірген (тозу деңгейі, апат болуы, пайдалану мерзімі) бағаланады.
Өту балы: егер жоба 50 ұпай ала жинамаса, ол қабылданбайды.
2. Тарифтік реттеушімен келісу: Техникалық мақұлдаудан кейін тарифтік реттеуші алдын ала тариф мөлшерін анықтайды.
3. «Бәйтерек» АҚ жеті жұмыс күні ішінде жобаны тікелей қарыз есебінен (мысалы, Қазақстанның Даму Банкінен) немесе әкімдіктердің мемлекеттік облигацияларын шығару арқылы қаржыландыру мүмкіндігін қарастырады. Сондай-ақ қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мүмкіндігі қарастырылады.
Қорытынды кезең: үш оператордан (Техникалық оператор, тарифтік реттеуші, қаржылық оператор) оң баға алған жоба автоматты түрде Ұлттық жоба аясында іске асырылатын жобалар тізіміне енгізіледі.
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процесінің мониторингі қағидалары Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 297 бұйрығымен бекітілген.