Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36
Басты бет Жаңалықтар ЭКСЖ электрондық сатып алу платформасының бес модулі айқындалды

26 Желтоқсан 2025 ж.

ЭКСЖ электрондық сатып алу платформасының бес модулі айқындалды

ұлттық жоба, электрондық плафторма, модернизация, жаңғырту, - МЭКС

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі №366 бұйрығымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жоба аясындағы электрондық сатып алу платформасының жұмыс істеу қағидалары бекітілді.  

Электрондық платформа – жаңғыртуға қатысты маңызды барлық процестерді орталықтандырып, автоматтандыратын ақпараттық жүйе.

Электрондық платформаның негізгі мақсаты мен міндеттері:  

1. Ұлттық жоба шеңберіндегі барлық үдерістерді орталықтандыру. Платформа мыналарды қамтамасыз етеді:  

  • жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу және іске асырылуын бақылау;  
  • жобалар үшін қаржыландыру және/немесе несие сыйақысының бір бөлігін субсидиялау механизмін айқындау;  
  • жұмыстар мен қызметтерді электронды сатып алу, жеткізушілерді іріктеу және сатып алу шарттарын жасасу (оның ішінде «кілт тапсыру» үлгісімен құрылыс шарттары);  
  • қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және оффтейк-келісімшарттар жасау (жергілікті өндірісті ынталандыру);  
  • жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу. 

2. Ашықтық пен бақылауды қамтамасыз ету:  

  • платформа іс-әрекеттердің ашықтығын, жеделдігін және рет-ретімен жүзеге асуын, сондай-ақ деректердің құпиялылығы мен сақталуын қамтамасыз етеді;  
  • пайдаланушылардың (өтінім берушілер мен уәкілетті тұлғалардың) барлық әрекеттері электрондық цифрлық қолтаңба арқылы (ЭЦҚ) расталуы тиіс;  
  • Электрондық порталы әкімшісі пайдаланушылардың барлық әрекеттерін тіркеп отыруы керек, ал журналдағы деректер ішкі аудит үшін қауіпсіз ортада сақталады.

3. Жобаның негізгі кезеңдерін автоматтандыру:  

Электрондық платформа жобаның барлық кезеңінде қолданылады:

1-ші модуль. Табиғи монополия субъектісі (ТМС) өтінім мен құжаттар пакетін тапсырады.   Өтінімді Техникалық оператор, Тарифтік реттеуші және Қаржылық оператор мақұлдайды. 

2-ші модуль. ЕРС-мердігерді анықтау.

3-ші модуль. Жобалық-сметалық құжаттаманы келісу, қаржыландыру шарттарын алу және тарифті бекіту.  

4-ші модуль. Тауарларды сатып алу, оның ішінде ЕРС-мердігер үшін сатып алынатын тауарлар тізімін орналастыру және қазақстандық  тауар өндірушілер реестрінен жеткізушілерді таңдау.  

5-ші модуль. Жобаны іске асыру, құрылыс барысы мен қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау. 

4. Сатып алу рәсімдерін реттеу. Ережелер екі кезеңнен тұратын байқау өткізу тәртібін белгілейді және сатып алу процесінің барлық кезеңін реттейді, оның ішінде:  

  • сатып алу туралы хабарламаны жариялайды;  
  • әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін қабылдайды (тіркелу және жеке деректерді өңдеуге келісім қажет);  
  • техникалық ақау болса, өтінім қабылдау мерзімін ұзарту механизмін қарастырады;
  • қорытынды жарияланғанға дейін өтінімдердің саны мен қатысушылар туралы ақпараттың қолжетімсіз болуын қамтамасыз етеді.  

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі №366 бұйрығы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының электрондық сатып алу платформасының жұмыс істеу ережелері».