Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

18 Қараша 2025 ж.

ЭКСЖ аясында тауар жеткізу тәртібі мен төлем шарты қалай реттеледі

жаңғырту, ұлттық жоба, тауар жеткізу, отандық өндірушілерді қолдау, - МЭКС

Қазақстанда энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жобалары үшін материалдар мен жабдықтарды сатып алудың жаңа тәртібі енгізіледі. Енді сатып алудың электрондық платформасы отандық өндірушілерді автоматты түрде тауып, оларға баға ұсыныстарына байланысты сұраныс жібереді. Қазақстандық тауар өндіруші өз ұсыныстарын бергеннен кейін тапсырыс беруші бағаға, сипаттамаларға және жеткізу мерзімдеріне қарай жеткізушіні таңдайды.

Бұл шарттар Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 344 бұйрығында жазылған. Ол қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидаларын бекітеді.

Бұл құжаттың басты мақсаты – «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға қажет материалдар мен жабдықтардың ауқымды көлемін негізінен отандық өндірушілерден сатып алуды қамтамасыз ету. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Ережеде сатып алудың электрондық платформасы арқылы басқаратын екі негізгі тетік қарастырылған: отандық бизнеске басымдық беру және офтейк-келісімшарттар.

Ереже қазақстандық өндірушілерден тауарларды сатып алудың міндетті және жылдам тәртібін белгілейді.

Кім сатып алады? Сатып алушы (тапсырыс беруші) жаңғырту жобасын «кілтке дейін» орындайтын EPC-мердігер (құрылыс компаниясы).

Не сатып алынады: жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес қажетті тауарлар (материалдар, жабдықтар).

Бұл іс-шаралар бірнеше кезеңнен тұрады:

1) Тапсырыс беруші (мердігер) қажетті тауарларға сұранысты электрондық платформаға орналастырады;  

2) Платформа автоматты түрде Тізілімге енгізілген әлеуетті отандық өндірушілерді анықтап, оларға баға ұсынысын сұрату жөнінде хабарлама жібереді;  

3) ҚТП өз ұсыныстарын жолдайды, ал тапсырыс беруші баға, сапа сипаттамалары және жеткізу мерзіміне қарай жеткізушіні таңдайды;

4) Қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау үшін міндетті алдын ала төлем көзделген: тапсырыс беруші шартқа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шарт сомасының 30%-ы мөлшерінде аванс төлеуі тиіс. Бұл аванс шикізат пен құрамдас бөліктерді сатып алуға арналған.  

Тауарды жеткізу мерзімі келісімшартқа қол қойылған күннен бастап кемінде 60 күн болуы тиіс.