Қаз

9 Қыркүйек 2025 ж.

ЭКСЖ аясында табиғи монополиялар субъектілерінің автоматтандырылған есепке алу жүйелері енгізіледі

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. Отырыс Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шараларға арналды. 

«Цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға қатысты. Коммуналдық шаруашылықты жаңғырту ЭКСЖ ұлттық жобасы шеңберінде жүргізілетін болады. Коммуналдық және энергетикалық секторлардың барлық қатысушысы қызметінің ашықтығына қол жеткізу үшін үй шаруашылықтары мен бизнесті ауқымды аспаптандыру, табиғи монополиялар субъектілерінің автоматтандырылған есепке алу жүйелерін енгізу жоспарлануда», - деді ол.

Министрлік құрылыстың барлық кезеңдерін есепке алу, жоспарлау және бақылау үшін бірыңғай ұлттық цифрлық платформаны іске қосуды жоспарлап отыр. 

«Бірыңғай ұлттық цифрлық платформаны іске қосуды пайдалана отырып, коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға қатысты. Қазіргі уақытта жоспарлау, сараптама және құрылысты қамтитын барлық салалық ақпараттық жүйелерді біріктіретін бірыңғай құрылыс порталын құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Құқықтық негізді қамтамасыз ету биыл жыл соңына дейін аяқталады», - деп түсіндірді министр.