ЭКСЖ аясында сатып алулардың ашық жүргізілуін кім бақылайды

жаңғырту, ұлттық жоба, ЭКСЖ, - МЭКС

2025 жылғы 25 тамыздағы №313 ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е. Нағаспаевтың бұйрығына сәйкес, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жоба аясындағы сатып алулардың электронды платформасының әкімшісі ретінде «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бекітілді.

Құжаттың басты мақсаты – цифрлық платформаны басқаруға және дамытуға жауапты ұйымды тағайындау. Ол арқылы ЭКСЖ ұлттық жобаның негізгі процестері іске асырылады. Шешім «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-11 бабының 3 тармағына сәйкес қабылданды.

Электрондық сатып алу платформасы жобаларды жоспарлау мен келісуден бастап, қазақстандық тауар өндірушілерден жұмыстарды, көрсетілетін қызметтер мен тауарларды сатып алуға дейін Ұлттық жобаға қатысушылардың өзара іс-қимылының толық циклін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жүйе офтейк-келісімшарттар жасасу және жобаларды іске асыру мониторингі үшін пайдаланылады.

Сатып алу бойынша цифрлық жүйе әкімшісінің негізгі міндеттері:

  • платформаның үздіксіз жұмысын және техникалық қолдауын қамтамасыз ету;
  • қатысушыларды және қолжетімділікті тіркеуді басқару: платформа өтініш берушілерді (табиғи монополиялар субъектілерін, әлеуетті өнім берушілерді) және уәкілетті тұлғаларды (Техникалық, Қаржы операторларын, Тарифтік реттеуішті, ЖАО) тіркеу үшін пайдаланылады.
  • сатып алулар мен конкурстар туралы хабарландыруларға ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • техникалық олқылықтар болған кезде өтінім беру мерзімін ұзарту;
  • ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және техникалық қолдау қызметінің көмегімен пайдаланушылардың іс-әрекеттеріне ішкі аудит жүргізу.

Әкімшіні анықтау ЭКСЖ ұлттық жобасын жүзеге асыру аясындағы сатып алуларды орталықтандырылған әрі ашық түрде басқаруға мүмкіндік береді. Бұл бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтеді.

Жазылыңыз МЭКС-тің ресми Telegram арнасына