Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

19 Қыркүйек 2025 ж.

ЭКСЖ аясында Қазақстанда тауардың 385 түрін өндіруге 39 миллиард теңге қажет

эксж, жаңғырту, - МЭКС

Бұл  туралы Астанада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы: қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер» тақырыбында өткен конференция барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлімдеді.

«Елімізде өндіріс орны жоқ тауарлардың тізімі жасалды — бұл 39 миллиард теңгеге бағаланған 385 тауар түрін қамтиды. Аталған тізім отандық өндірісті жолға қою мақсатында салалық қауымдастықтарға, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Kazakh Invest ұлттық компаниясына жолданды. Сонымен қатар, осы тауарлар тізімі министрліктің ресми сайтында отандық тауар өндірушілердің танысуы үшін жарияланды», — деп нақтылады ол.

Өндіріс және құрылыс вице-министрі «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясындағы негізгі бағыттардың бірі — тауарларды сатып алуда ел ішіндегі құндылықты дамыту екенін айтты. 

Тиісті міндеттемелер 2024 жылдың желтоқсанында қабылданған Үкімет қаулысымен реттелген және 2025 жылы отандық тауар өндірушілердің өніммен қамту үлесін 20% деңгейінде қамтамасыз етуді, ал 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 60% деңгейіне жеткізуді көздейді.

«Осы мақсатқа қол жеткізу мақсатында министрлік тарапынан ТКШ Ұлттық жобасы аясында тауар сатып алу тетігі әзірленді. Табиғи монополия субъектілерінің (ТМС) 2,2 трлн теңгені құрайтын 2 786 тауар түрлері бойынша қажеттіліктері талданды. Нәтижесінде осы сұраныстың ішінен 2 401 тауар түрін өндіретін 212 кәсіпорынның тізімі қалыптастырылды. Бұл үшін 2,201 трлн теңге қажет. Осылайша, ТМС-ө сұранысының 98%-ын отандық тауар өндірушілер (ОТӨ) қамтамасыз ете алады», - деп нақтылады Олжас Сапарбеков.

Дайындалған тізімге сәйкес, отандық тауар өндірушілер трансформаторлар, болат құбырлар, кабель өнімдері, ажыратқыштар, ысырмалар, бұрмалар, шарлы крандар және басқа да тауарлар бойынша қажеттілікті толық қамтамасыз ете алады.

Мысалы, кабель және сым өнімдеріне деген 50 млрд теңге көлеміндегі сұранысқа сәйкес, жұмыс істеп тұрған отандық кәсіпорындардың құны 49,8 млрд теңге көлеміндегі өнімдерді жеткізуге шамасы жетеді. 

«Бүгінде отандық тауар өндірушілер тізім бойынша сұранысты қамтамасыз етуге дайынбыз деп біздің министрлікке ұсыныстарын беріп жатыр», - деп түсіндірді вице-министр.

Мәселен, министрлікке «Bertys Machinery» ЖШС, сондай-ақ «POLYTECH Astana» ЖШС кәсіпорындарынан ұсыныс келді. 

Сондай-ақ министрлік тарапынан қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және оффтейк-келісімшарттар жасасу қағидалары бекітілді. Бұл қағидалар ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі №344 бұйрығы бойынша мақұлданды.