Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

15 Желтоқсан 2025 ж.

ЭКСЖ аясында жаңғыртылатын жобалар әбден тозған

тозуы, желілер, ұлттық жоба, жаңғырту, модернизация, ЭКСЖ, - МЭКС

Монополистердің өтінімдерінде ұсынылған 267 объектінің 214-і қауіп-қатердің қызыл аймағында тұр. 

Қызыл аймаққа түскен жобалардың көпшілігі 70%-дан астам тозған, көбісінің тозу деңгейі 100%-ға жетеді. Қабылданған өтінімдер бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ (ТКШ ҚазОрталығы) атынан техникалық оператор осындай баға берді.

Олардың ішінде ең көп жоба Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына тиесілі (әрқайсысында 34-тен), 22 жоба – Жетісу облысына, 19 – Павлодар облысына, 17 – Қостанай облысына, 15 – Жамбыл облысына, 14-тен – Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарына, 11 – Атырау облысына, 8 – Алматы облысына, 7 жоба Алматы қаласында, 6 – Ақтөбе облысында, 5 – Астана қаласында, 4 – Қызылорда облысында, 3 – Абай облысында және 1 жоба Маңғыстау облысында тіркелген.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысынан барлығы 35 өтінім берілсе, соның 34-і «қызыл аймақта» тұр. Бұл жобалар бойынша инфрақұрылым 97% тозған, ал желілердің тозу деңгейі 66%-дан 100%-ға дейін жетеді.  

Ал Жамбыл облысында электрмен жабдықтау мен қосалқы станциялар бойынша берілген 15 жобаның инфрақұрылымы 75,9% тозған. Жекелеген өтінімдер бойынша тозу деңгейі 68,8%-дан 86,86%-ға дейінгі аралықта және бәрі де қызыл аймаққа жатады. 

Қарағанды облысында М2 жылу магистралін қайта жаңғырту жобасының тозу деңгейі 80%-ды құрайды, ал 220/110/6кВ «НС-19» қосалқы станциясын қайта құру жобасы 100% тозған, яғни қаупі жоғары. 

Павлодар облысында ВЛ-10кВ (ID 18–24) әуе желілері және жылу магистральдерін жаңарту жобаларының басым бөлігі 70%-дан 100%-ға дейін тозған.