Колл-центр
26 Желтоқсан 2025 ж.
ЭКСЖ аясында импортқа тәуелділікті қалай азайтуға болады
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жобаның техникалық операторы – «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ отандық өнімді дамыту тұрғысынан өндірісте қолданылатын өнімдерге талдау жүргізді.
Еске салайық, ұлттық жобаны іске асыру барысында отандық өндірістен шыққан тауарларды қолдануға басымдық беріледі.
Технологиялық үдерістермен және өндіріс үшін қажетті қолданылатын бөлшектермен танысу барысында әр зауыт тек өзіне тиесілі дайын өнімді шығару шеңберінде жұмыс істейтіні анықталды. Ал барлық қажетті қосалқы бөлшектер – тек шетелдік өндірістің өнімі.
Не импортталады:
- аса берік материалдардан жасалған жоғары технологиялық модульдер мен блоктар;
- қарапайым бөлшектер мен қарапайым компоненттер;
- жақын шетелден жасалған бұйымдардың корпустары;
- резеңке техникалық бұйымдар, төсемдер, сальниктер, электрондық компоненттер.
Бұл тауарларды отандық өніммен алмастырудың әлеуеті жоғары. Оның үстіне, импортталатын көптеген бөлшектерді жасау үшін бірегей жабдық немесе жоғары технология қажет емес. Мысалы, корпустарды кез келген материалдан, соның ішінде жезден де жасауға болады. Сондай-ақ, электроника мен резеңке-техникалық өнімдер өндірісін дамыту мүмкіндігі де зор. Кейбір зауыттар нақты жобалар үшін салынған, қазір толық жүктемемен жұмыс істемейді, бірақ өндірістік жабдықтары бар және әлеуеті жеткілікті.
Импорттық бөлшектерді отандық өніммен алмастыру мүмкіндігі жоғары болғандықтан және өндірушілер арасында кооперацияны жолға қою арқылы бұл әлеуетті іске асыру мақсатында, «ТКШ ҚазОрталығында» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында өнім шығаратын кәсіпорындардың деректер базасы – Бірыңғай отандық өндірушілер каталогы құрылды.