23 Қыркүйек 2025 ж.
ЭКСЖ аясында 25 нормативтік-құқықтық акт жобасы әзірленді

Тиісті ақпаратты ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі ұсынды.
ТМРК баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлттық экономика министрлігі желісі бойынша келесі құжаттар қабылданды:
1) «Табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар бойынша, сондай-ақ энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 12 тамыздағы № 78 ҰЭМ-ның бұйрығымен бекітілген;
2) «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2025 жылғы 29 мамырдағы № 45 ҰЭМ-ның бұйрығымен бекітілген;
3) «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2025 жылғы 28 тамыздағы № 85 ҰЭМ-ның бұйрығымен бекітілген;
4) «Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің іс-қимылдарының нақты тәртібімен қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы», 2025 жылғы 28 тамыздағы № 85 ҰЭМ-ның бұйрығымен бекітілген;
5) «Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидаларын бекіту туралы», 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 88 ҰЭМ-ның бұйрығымен бекітілген.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі желісі бойынша бекітілген:
6) «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, құрылыс және (немесе) пайдалану процестерін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы», ҚР ӨҚМ-ның 2025 жылғы 12 тамыздағы №297 бұйрығымен бекітілген;
7) «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясындағы сатып алу электрондық платформасының әкімшісін айқындау туралы», бекітілген, мемлекеттік тіркеуге жатпайды;
8) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы №621 бұйрығына «Су бұру және сумен жабдықтау жүйелерінде су есептегіш құралдарын таңдау, орнату және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», ҚР ӨҚМ-ның 2025 жылғы 8 тамыздағы №295 бұйрығымен бекітілген;
9) «Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын айқындау туралы», бекітілген, мемлекеттік тіркеуге жатпайды;
10) «Қазақстандық өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту және қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу кезінде растайтын өндірістік және технологиялық операциялар шарттарының тізбесін бекіту туралы», ҚР ӨҚМ-ның 2025 жылғы 27 тамыздағы №327 бұйрығымен бекітілген;
11) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі №249 бұйрығына «Коммуналдық қызметтердің тізбесін және коммуналдық қызметтерді көрсету бойынша үлгілік қағидаларды бекіту туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», ҚР ӨҚМ-ның 2025 жылғы 29 тамыздағы №336 бұйрығымен бекітілген;
12) «Қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында оффтейк-шарттар жасасу қағидаларын бекіту туралы», ҚР ӨҚМ-ның 2025 жылғы 4 қыркүйектегі №344 бұйрығымен бекітілген;
13) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1725 қаулысына «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту қазақстандық орталығын құру туралы» өзгерістер енгізу туралы», бекітілген, АПР-да қаралуда (ПИ-120721), ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі отырысында мақұлданған;
14) «Сумен жабдықтау және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін ұйымдастыру, қалыптастыру және жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы», ҚР ӨҚМ-нің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі №365 бұйрығымен бекітілген;
15) «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясындағы сатып алу электрондық платформасының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы», ҚР ӨҚМ-нің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі №366 бұйрығымен бекітілген;
16) «Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілеу туралы», ҚР ӨҚМ-ның 2025 жылғы 16 қыркүйектегі №370 бұйрығымен бекітілген.
Энергетика министрлігі желісі бойынша бекітілген:
17) «Жанармай-энергетикалық кешен саласында ақпараттық қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру және үйлестіру үшін жауапты ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын айқындау туралы», бекітілген, мемлекеттік тіркеуге жатпайды;
18) «Жанармай-энергетикалық кешен саласында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторы болып табылатын заңды тұлғаны айқындау туралы», бекітілген, мемлекеттік тіркеуге жатпайды;
19) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №248 бұйрығына «Электр энергиясының көтерме нарығы субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» өзгерістер енгізу туралы», ҚР ЭМ-ның 2025 жылғы 11 қыркүйектегі №344-н/қ бұйрығымен бекітілген;
20) «ҚР ЭМ-нің 2025 жылғы 26 наурыздағы №135-н/қ және ҚР ӨҚМ-ның 2025 жылғы 3 сәуірдегі №112 бірлескен бұйрығына «Жылу энергиясы мен жылу тасымалдағышты есепке алу қағидаларын бекіту туралы» өзгерістер енгізу туралы», ҚР ӨҚМ мен ЭМ-нің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі №346-н/қ бірлескен бұйрығымен бекітілген, ӘМ-де мемлекеттік тіркеу сатысында;
21) «Жанармай-энергетикалық кешен саласында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілеу туралы», ҚР ЭМ-ның 2025 жылғы 15 қыркүйектегі №349-н/қ бұйрығымен бекітілген.
Бекітілуі күтілетін НҚА:
22) «ҚР Үкіметінің «кілтпен» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер шектерін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың «кілтпен» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін айқындау әдістемесін бекіту туралы». Құжат МО-да келісілуде;
23) «ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 28 маусымдағы №59 бұйрығына «Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын, инвестициялық ұсынысты әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, техникалық-экономикалық негіздеме мен қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу, бюджеттік кредиттеудің мақсатқа сәйкестігін айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ бекітілген (нақтыланған) параметрлерді түзету, іріктеу, мониторинг және мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалау қағидаларын бекіту туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». Құжат МО-да келісілуде;
24) «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен қызметтерді сатып алу, жобаларды және жеткізушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларын бекіту туралы». Құжат МО-да келісілуде;
25) «Жанармай-энергетикалық кешенді басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы». Құжат МО-да келісілуде.