Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36
Басты бет Жаңалықтар БҚО-ның жүздеген мың тұрғыны ЭКСЖ жобаларының әсерін сезінеді

29 Сәуір 2026 ж.

БҚО-ның жүздеген мың тұрғыны ЭКСЖ жобаларының әсерін сезінеді

БҚО, Орал, жаңғырту, - МЭКС

Батыс Қазақстан облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Орал қаласында №29 кәріз сорғы станциясын қайта жаңартқаннан кейін 50 мың тұрғын тұрақты су бұру жүйесімен қамтылса, 10 мыңнан астам адам тұрақты жылумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ 165 шақырым электр желісін жаңарту жоспарланып жатыр. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында айтылды, шара аясында 4 негізгі жоба көрсетілді.

Негізгі нысандардың бірі құны 1,8 млрд теңге болатын № 29 кәріздік сорғы станциясын қайта құру. Жоба аяқталғаннан кейін 50 мың тұрғын және 39 әлеуметтік нысан тұрақты су бұрумен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, жаңа абоненттерді қосу мүмкіндігі пайда болады. Қазіргі кезде станцияның жаңа ғимаратының салынып жатыр.