Колл-центр
24 Сәуір 2026 ж.
Бір жылу магистралін жаңарту Теміртаудың 39 мың тұрғынын қалай тұрақты жылумен қамтамасыз етті
Теміртаудағы ЖМ-2А жылу магистралінің учаскесі бірнеше жыл бойы мәселесі бар аймақ болды. 2020 жылдан 2025 жылға дейін бұл жерде 31 зақымдану оқиғасы тіркелді, салдарынан жылыту маусымындағы жылудың үзілуі тұрғындар үшін үйреншікті жағдайға айналған еді.
Ең жоғары жүктеме түсетін кезеңдерде желіге түсетін қысым мәселені одан сайын ушықтырды. Апат жиі болып, жылу берудің тұрақтылығы күмән туғызды.
Ұзындығы 3,64 шақырымды құрайтын учаскені қайта жаңғырту жұмыстары 100%-ға аяқталды, инвестиция көлемі 1,9 млрд теңгені құрады. Жаңартудан кейін бұл учаскеле жылыту маусымында апат болған жоқ. Шамамен 39 мың тұрғынға жылу ешқандай үзіліссіз және ажыратусыз, тұрақты түрде берілді.